Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Владимир Путин Монғолияның 174,2 млн доллар қарызын жойды

Владимир Путин Монғолияның 174,2 млн доллар қарызын жойды

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Монғолияның Ресей алдындағы қарызын жою туралы қаулыға қол қойды. Құжат құқықтық ақпарат жөніндегі ресми интернет порталда жарияланды.

Ұлан-Батордың 174 млн долларға жуық қарызының 97%-ы жойылып, мемлекет тек 3,8 млн долларын қайтарады. Монғолияның несиені өтеу мерзімін созып алуы екі елдің инвестициялық ынтымақтастығына кедергі болатындықтан Кремль осындай қадамға барып отыр.

«2010 жылдың 14 желтоқсанында Мәскеу қаласында  қол қойылған Монғолияның РФ алдындағы қаржылық міндетін реттеу туралы РФ Үкіметі мен Монғолия арасындғы келісім бекітілсін", - делінген құжатта.

Ресейдің Монғолия қарызын кешіруі бірінші рет емес. Lenta.ru хабарлағандай, 2003 жылы Ресей монғолдарға тиесілі 11,4 млрд доллар несиенің 11,1-ын жойған болатын. Осыдан соң Монғолия қалған 300 млн долларды бірден төледі. Ал 2010 жылы 180 млн доллар кешірілді.

Соңғы 20 жыл ішінде Ресей шетелдік қарыз алушы елдердің 140 млрд доллар қарызын жойған. Ең ірі қарыз Куба (30 млрд доллар) мен Солтүстік Кореяға (11 млрд доллар) тиіесілі болды.

Фото: dni.ru

Похожие материалы