Экономика
IT, Технология
Volkswagen-нің жаңа басшысы тағайындалды
Volkswagen AG концернін бақылаушы кеңес Маттиас Мюллерді Volkswagen-нің атқарушы директоры етіп тағайындады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап, vestifinance.ru хабарлайды.
Компанияның баспасөз баяндамасының жазуынша, М. Мюллерді басшы етіп тағайындау туралы шешім бақылау кеңесінің жұма күнгі (25 қыркүйек) отырысында қабылданды. Бұған дейін Маттиас Мюллер Porsche-нің бас директоры қызметін атқарған.
М.Мюллер қызметке тағайындалғаннан соң неміс концернінің дизельдік қозғалтқышына қатысты АҚШ-тың шығарған дауын алдын алатынын мәлімдеді.
Маттиас Мюллер Volkswagen-нің бұрынғы директоры Мартин Винтеркорн қызметінен кеткен соң келді. Ол 2010 жылға дейін Volkswagen-нің өндірісін жоспарлау департаментін басқарған.