Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ВТБ Банкі «Ақ Ниет» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлерді қаржыландыруды бастады

ВТБ Банкі «Ақ Ниет» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлерді қаржыландыруды бастады

Алматы. 3 шілде. 7kun.kz – Банк «Даму» қоры және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігімен 200 млн теңге, оның 100 млн теңгесін облыс әкімдігі және 100 млн теңгесін – Қор берген сомаға «Ақ Ниет» субөнім бойынша – шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру бағдарламасына қатысу туралы кредиттік келісімге қол қойды.

Осы бағдарламаның аясында ВТБ Банкі (Қазақстан) жылдық 8,5%-ға дейінгі сыйақының атаулы мөлшерлемесімен ШҚО бизнесмендеріне жеңілдікті кредит беруде.

«ВТБ Банкі (Қазақстан) «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен бірігіп, ШОБ секторына маңызды қолдау көрсете отырып, көптеген жобаларды іске асырды. Біз кезінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігімен және Даму қорымен «Ақ Ниет-2» субөнім бойынша бірге жұмыс жасағанбыз. Ол кезде банк сол өңірдің кәсіпкерлерін қаржыландыруға бөлінген 300 млн теңгені ойдағыдай игерген», - деді ВТБ Банкі (Қазақстан) АҚ ЕҰ Басқарма төрағасы Дмитрий Забелло.

«Ақ Ниет-2» мен «Ақ Ниет» бағдарламаларының айырмашылығы аз, осы екі субөнімінің мақсаты бір – облыс бизнесмендеріне қолдау көрсету. Мысалы,  «Ақ Ниет» бағдарламасы азық-түлік өнеркәсібін, агрокешенді, туризмді және азық-түліктік емес тауарларды өндірудің дамуына ерекше көңіл бөледі, яғни бірінші кезекте осы саладағы кәсіпкерлерді басымдық беріледі.

ШҚО бизнесмендері немесе сол өңірде бизнесін дамытуға ниетін білдіргендер, олардың қарыз алу мақсаты – негізгі қаражатты сатып алу немесе айналымдағы қаражатты толықтыру болған жағдайда, ВТБ Банкінен  200 млн теңгеге дейінгі ең көп сомада кредит алу үшін банкке жүгіне алады. Кредит беру мерзімі – 7 жылға дейін.

Похожие материалы