Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

WhatsApp жаңа опцияны іске қосты

WhatsApp жаңа опцияны іске қосты

Алматы. 17 шілде. 7kun.kz - Жаңа опция WhatsApp қолданушыларына кез келген түрдегі файлды бөлісуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Mashable хабарлады.

Файл көлеміне шектеу бар - 100 MB. Сонымен қатар, қолданушылар суреттің көлемін қысқартпай жолдай алады. Бұл ретте жіберілген сапасы өзгермейді.  Мессенджерде мәтінді редакциялау мүмкіндігі кеңейді. Енді кез келген сөзді оның үстінен басу арқылы "қою" функциясын орындауға болады.

Қосымшаның жаңарған нұсқасы iOS ижәне Android операциялық жүйелеріне тән.  Одан бөлек, функция осы сервисті ноутбук пен компьютерлер арқылы пайдаланатындарға да қолжетімді.

Кей жағдайда электронды поштаның орнын алмастыра алады.

Похожие материалы