Экономика
IT, Технология
WikiLeaks Sony-ден ұрланған материалдар жариялады
WikiLeaks сайты «Интервью» фильмінің тұсаукесеріне дайындық кезінде белгісіз хакерлермен Sony корпорациясынан ұрланған мәліметтерді жариялады. Бұл туралы Lenta.ru хабарлайды.
Сайтта 30 мыңнан астам құжаттар мен 170 мың электронды хаттар жарияланған. Баспасөз-баяндамасында жазылғандай, бірінші жарияланған құжаттар өшіріліп, кейінірек оқуға ыңғайлы форматта орналастырылған.
"Бұл архив трансұлттық корпорацияның ішкі әрекетінен толыққанды мағлұмат береді. Материалдардың барлығы "геосаяси қақтығыс орталығында" тұр және БАҚ-та жариялануды қажет етеді. Олар қоғамға тиесілі, WikiLeaks барлығының сонда болуын қадағалайды", - деп атап өтті Джулиан Ассанж.
Жекелей алғанда, құжаттар компанияның Транс-Тынық мұхитты серіктестік жобасына қатысты реакциясын сипаттайды. Қазір бұл жоба АҚШ Конгрессінің қарауында жатыр. Сондай-ақ құжаттарда Sony-дың АҚШ-тың Демократиялық партиясымен және басқа да америкалық ұйымдармен, саясаткерлермен, билік органдарымен байланысы жазылған.
Sony Pictures Entertainment бұл құжаттардың жарық көруін сынға алды. "Sony Pictures-ге жасалған кибер-шабуыл зиянды қылмыстық сипат алады және біз қызметкерлеріміз туралы мәліметтер мен басқа да жеке құпия ақпараттардың WikiLeaks-те болуын айыптаймыз", - дейді компаниядан. Олар Sony-дың және 6 мың қызметкердің қауіпсіздігі, сенімділігі және құпиялылығы үшін күресуді жалғастыратындығын атап өтті.
Осыған дейін 2014 жылы Sony Pictures хакерлік шабуылдың құрбаны болған. Бұған сюжет бойынша КХДР-дің лидері қайтыс болатын "Интервью" фильмі себеп болды деп хабарланды.
Тұсаукесерден аз уақыт бұрын Sony Pictures белгісіз хакерлерден сеанс кезінде теракт ұйымдастыратыны туралы қоқан-лоққы алған. Қызметкерлердің жеке хат жазысулары, сценарий және "Интервьюге" қатысты барлық ақпарат түгелімен ұрланды. Кинокомпанияға кибер шабуыл жасауға АҚШ-тың қауіпсіздік қызметі ресми түрде КХДР-ді айыптады.