Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

WikiLeaks-тің негізін салушы 175 жылға сотталуы мүмкін

WikiLeaks-тің негізін салушы 175 жылға сотталуы мүмкін

Кеше Британия сотында Ассанджды АҚШ-қа беру туралы тыңдау басталды. Сот кезінде Лондон көшелерінде Ассанджы АҚШ-қа беруге қарсылық акциясы өтті.

Шерушілердің ішінде Pink Floyd тобының әншісі Роджер Уотерс,
дизайнер Вивиан Вествуд, Грекияның қаржы министрі Янис Варуфакис сынды танымал адамдар да бар. Олар Ассандж АҚШ-қа берілсе суицид жасауы мүмкін дейді. Өйткені АҚШ соты оны кем дегенде 175 жылға соттайды. Оған қарсы 18 қылмыстық іс қозғалған. Оның негізгісі- шпионаж бен құпия ақпаратты ашу туралы айыптау.

АҚШ-қа беру туралы тыңдау екі кезеңмен өтеді. Бірінші тыңдау төрт аптаға созылады. Екіншісі - маусым айында өтеді.



Похожие материалы