Алматы. 20 сәуір. 7kun.kz - Осы аптада Xiaomi компаниясы жаңа Mi 6 смартфонын ресми таныстырды, деп хабарлайды 24gadget.ru.
Жаңа телефон 3D-әйнекті панельмен жабдықталған. Жиектемесі болаттан жасалған және Qualcomm Snapdragon 835 заманауи процессоры бар. Мұндай процессор әзірге тек Samsung Galaxy S8/S8+ телефонында ғана бар. Оперативті жады 6 ГБ, орнатылған жадысы 64/128 ГБ. Операциялық жүйесі Android Nougat және екі камералы.
[caption id="attachment_67955" align="alignnone" width="1024"] Фото: 24gadget.ru[/caption]Сонымен қатар, жаңа серияға көк түс қосылды. Одан бөлек, пермиялы керамикалық нұсқасы да шығарылды. Онда камера 18 карат алтыннан жасалған.
Xiaomi Mi 6 Full HD форматтағы 5.15 дюймді (1920х1080 пиксель, ppi 600) дисплейге ие. Процессоры - 64 разрядты, сегіз ядролы. Екі каналды Wi-Fi модулді және екі сим карта салуға болады.
Негізгі камерасы 12 мегапиксельді және жарқылы екі түсті. Ал алдыңғы камерасы 8 мегапиксель.
Аккумулятор сыйымдылығы 3350 мАч құрайды. Үзіліссіз пайдаланғанның өзінде телефон қуаты бір күнге жетеді. IP68 стандартында судан және шаң-тозаңнан қорғайды.
Xiaomi Mi 6 (64 ГБ) сатылымда 363 доллар болады. Ал 128 ГБ нұсқасының бағасы – 421 доллар.
Қытайда 28 сәуірден бастап сатылымға шығады.
Дереккөз: 24gadget.ru