Экономика
IT, Технология
"Яндекс" Радио қызметін іске қосты
Ресейдің "Яндекс" іздеу жүйесі "Яндекс.Радио" жаңа музыкалық өнімін іске қосты. Бұл өнім интернет-сайт болып келген және кез келген талғамдағы және кез келген жағдайларға арналған музыканы таңдап алуға мүмкіндік беретін қосымшадан тұрады.
"Яндекс.Радио" тегін музыкалық сервисі жүздеген "радио станцияларымен" қамтылған, оның плейлисттері түрлі белгілермен қалыптасқан.
"Яндекс.Радио" - бұл өмірдің балық жағдайлары үшін музыканы жылдам әрі аса көп күш жұмсамай іріктеу тәсілі, - дейді "Яндекстің" музыкалық сервистерін басқаратын Константин Воронцов. - "Яндекс.Радио" мен "Яндекс.Музыка" бірін-бірі толықтырып тұратын болады: "Музыка" жаңа әндермен танысуға мүмкіндік берсе, ал "Радио" көмегімен жағдай мен көңіл-күйге байланысты тректерді таңдауға болады".
"Яндекс.Радио" iOS және Android негізіндегі ұялы телефондар және десктопар үшін қол жетімді. Сервисте таргетинг және аудиореклама бар.
"Яндекс.Радио" толқынында "Яндекс.Музыка" қорының әуендері ойнайды, олардың саны 20 миллион тректен асады.