Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бұл не деген батпан құйрық. Яндекс жалған айлық ұсынатын сайттарды анықтады

Бұл не деген батпан құйрық. Яндекс жалған айлық ұсынатын сайттарды анықтады

Яндекс тұрақты әрі жоғары табыс ұсынатын, бірақ шындығында интернет қолданушыларын алдайтын сайттарды анықтады. Мұндай сайттар өз тұтынушыларына қарапайым жұмысты жоғары жалақыға істеуді ұсынады. Мысалы, кредит алуға түскен өтініштерді қарау немесе оған келісім беру,

тексттерді сайттың бір бетінен екінші бетіне көшіру.

"Жұмысшы" белгілі бір сома жинап, оны қолма-қол аударуға тырысқанда, оған жарна немесе комиссия төлеуді ұсынады. Жарнаны төлеген соң "жұмысшының" қолына ешқандай ақша тимейді.

Кейде тіпті алаяқтар жалақыңызды аударамыз деп "жұмысшының" банк картасы туралы ақпарат сұрайды. Нәтижесінде ондағы қаражатты да өздеріне аударып алулары мүмкін.

Яндекстің блогында жазылғандай, желіде 4 мыңнан астам қолданушыларға жалған табыс ұсынатын сайттар бар екен. Оның ішінде ең танымалдарына бір айда 10 миллионға дейін адам кіреді. Осылайша алаяқтар миллиондап табыс тауып отыр.

Қауіпті сайттарды анықтау үшін Яндекс "роботтарды оқыта" бастады. Көбіне тексттік классификатор пайдаланылады. Оларды салыстыру арқылы боттар қауіпті сайттарды анықтайтын болады. Мұндай жобалардың көпшілігі шаблондарға негізделіп жасалады. Бұл да күдікті жобаларды анықтауға көмектеседі. Осылайша қауіпті сайт туралы ақпарат издеу жүйесі мен директте шығып тұрады. Егер пайдаланушы қауіпті сайтты ашпақ болса, оған ескерту жасалады.

Блоктың соңында "Әзіреге мұндай саттарды толықтай жеңдік деп айта алмаймыз. Бірақ бұл әрекеттеріміз адамдардың жаппай алданып қалуын аздап болса да азайтады деген үміттеміз.  Егер сізде алаяқтармен күресудің басқа да жолдары туралы идеяңыз болса, біз қунана-қуана тыңдауға дайынбыз", - делінген.

 

Похожие материалы