Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

YouTube роликті жарнамасыз түрде көруге болатын ақылы сервис енгізбекші

YouTube роликті жарнамасыз түрде көруге болатын ақылы сервис енгізбекші

Google 2015 жылдың соңына дейін YouTube видеохостингіндегі роликтерді жарнамасыз көруге мүмкіндік беретін жазылым енгізбекші. Бұл туралы Google видеоконтенттің өндірушілеріне жіберген хатына сілтеме жасап, Bloomberg агенттігі хабарлайды.

"Біз ақылы қызметті қосу арқылы жарнама сервисімізді тағы бір табыс көзімен толықтырамыз", - деп жазылған хатта. Bloomberg дереккөзінің хабарлауынша, ақылы қызмет 2015 жылдың соңына дейін іске қосылады. Жазылым құны айына 10 доллар тұрады деп атап өтеді The Verge басылымы.

YouTube қолданушылары видеоны жарнамасыз көріп, өз құрылғыларына роликтерді сақтап ала алады деп хабарлайды Google контент құрушыларға. Компанияның мәліметінше, YouTube-тағы видеороликтердің жартысынан астамы мобильді құрылғылар арқылы көрілген.

YouTube - Солтүстік Америкадағы танымалдылығы жөнінен екінші орындағы видеосервис. Sandvine компаниясының бағалауынша, оған барлық видеотрафиктің 14 пайызы тиесілі. Ал ең танымал стримингті видеосервис Netflix болып табылады. Оның трафиктегі үлесі 30 пайыздан асады.

 

Похожие материалы