Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

YouTube-та ең жоғары анықтықтағы видео пайда болды

YouTube-та ең жоғары анықтықтағы видео пайда болды

YouTube-та  8К UHD (4320 пикселге 7680) форматындағы ролик пайда болды. Бұл туралы The Next Web порталы хабарлайды. Видео 7 маусымда NeumannFilms қолданушысы арқылы жүктеліп, бірнеше күн ішінде 1 677 780 рет қаралған.

Видео Ghost Towns (Елес қалалар) деп аталады. 2 минуттық бейнежазбада қараусыз қалған елдімекеннің кадрлары көрсетіледі. Аңдатпасында роликтың RED Epic Dragon 6K камерасы арқылы түсіріліп, Adobe After Effects арқылы өңдегеннен кейін 8К-ге қолжеткізгендігі жазылған. 8К 4К стандартының ізін басушы болып табылады. Өте жоғары деңгейдегі анықтық түсірілген көріністің барынша табиғи бейнесін береді. 8К видеосын жаңа заманғы тек бірнеше компьютерде Chrome браузері арқылы көруге болады. 8К-ның қашан кең таралымға шығатындығы белгісіз. Қазір аталған форматта түсіре алатын RED 8K Weapon Vista Vision және Hitachi SK-UHD8060 тәрізді бірнеше камера ғана бар. Бірақ олар еркін сатылымда жоқ. YouTube біраз уақыттан бері видеодағы жаңа технологияармен тәжірибе жасап келеді. 4К форматы 2010 жылы шықты. Виедохостинг тиесілі Google корпорациясының мәліметінше, YouTube-тағы 8К анықтығына рұқсат осы жылы қосылған.

Похожие материалы