Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Youtube-тің балаларға арналған нұсқасы шығады

Youtube-тің балаларға арналған нұсқасы шығады

YouTube-тің танымалдығына шек жоқ. Десе де, балалар үшін қолдануға аса қолайлы емес. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін YouTube балаларға арналған жаңа сервис жасап жатыр. Жас көрерменннің зиянды дүниелерді қарамауын қадағалау үшін дайындалып жатқан сервис YouTube Kids деп аталады. Тегін қосымша әзірге АҚШ-та ғана қолданылатын болады. Бірақ, сұраныс артатын болса, өзге елдерде де пайда болары анық. Қосымша тек Android құрылғыларға арналып жасалды.

Жоба менеджері Бен-Яирдың айтуынша, көптеген ата-аналар осы уақытқа дейін осындай дүние қашан шығарасыздар деп сұрап жүрген. Бұл қосымшаның артықшылығы: интерфейсі өте қарапайым, көрермендер пікірі мен жарнама жоқ, өзіңіз қойған уақыт өткен соң қосымша автоматты түрде сөнеді. Суреттер көлемді, кішкентай саусақпен басуға ыңғайластырылған. Балаңыз жаза алмайтын болса, дауыс арқылы іздеу жүйесі де бар.

Егер бала көруге тыйым салынған видео атауларын енгізетін болса, экранда "Қате" белгісі шығады. Қосымшаға құпиясөз қойып, белгілі бір уақыттан соң өшетіндей етуге де болады. Бұл сервис ақылы түрде жүргізіледі. Есесіне, ғаламторға қосылмай-ақ керекті видеоңызды жүктей аласыз. Жоспар бойынша, аталған сервис 23 қаңтарда іске қосылуы тиіс.

Ақпарат көзі: usatoday.com

Похожие материалы