Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

YouTube жергілікті kz доменін шығарды

YouTube жергілікті kz доменін шығарды

Әлемдегі ең ірі YouTube видеохостингі kz платформасын іске қосты. Бұл туралы ТМД және Ресейдегі YouTube серіктес бағдарламаларының директоры Юрий Хазановтың мәлімдемесіне сілтеме жасап, total.kz хабарлайды. 

«Заңды домен қазақстандық көрермен жергілікті контентте пайдана алу үшін жасап шығарылды. Бастапқыда  youtube.com-ға кірген кезде платформа жіберілген аймақта америкалық және басқа мемлекеттің контенттері көрініп тұратын. Ал қазір біз өз пайдаланушыларымыз үшін жаңа қызмет ұсынып отырмыз», – деді Ю. Хазанов. Бағдарламаның іске қосылуы танымал каналдар мен жаңа контент иелеріне және кез келген тұтынушыға YouTube-тың серіктесі болуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда бұл бағларлама 65-тен аса мемлекетте жұмыс істейді. Енді Қазақстанда да болады. "Біз серіктес бағдарламаны шығарғанда, біріншіден, ірі компания продюсерлеріне, блогерлерге табыс алып келетін мүмкіндікті қарастырамыз. TNS зерттеуіне сәйкес, Қазақстанда YouTube-ты қолданушылардың аудиториясы 79%-ды құрайды. Олардың барлығы 18 жастан асқан интернет қолданушылар және 35%-ы  YouTube-қа күнделікті кіреді», – деді директор. Сондай-ақ, қазан айында YouTube қазақстандық блогерлер үшін мерекелік кеш ұйымдастырмақ. «Біз нарыққа кіргеннен кейін каналдардың саны, көру уақыты мен кіріс көлемі өзгереді. Әрине, басында жаңадан бастап жатқан соң өсім көп болады. Сондықтан Қазақстанда түрлі видеороликтерді қарау бірден екі-үш есеге өсіп, каналдар саны мен серіктестер көбейеді деп ойлаймын», – деді Юрий Хазанов.

Похожие материалы