Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қырғызстанды ЕАЭС-ке қосылу процесіне дайындық басталды

Қырғызстанды ЕАЭС-ке қосылу процесіне дайындық басталды

Мәскеуде өткен отырыс кезінде Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі  Қырғызстанды Еуразиялық экономикалық одаққа қосу шарттары бойынша жоба құжаттарын дайындау мәселесін талқылады.

«Біз өзара шешімге келдік. Жалпы алғанда Қырғызстанды қосу туралы жобаның құжаттарын дайын деуге болады», - деп хабарлайды  Қазақстан үкіметінің баспасөз-қызметі  вице-премьер Бақытжан Сағынтаевқа сілтеме жасап.

Жиын кезінде сондай-ақ, негізгі сауда әріптестермен  жекелей және Одақ аясында халықаралық серіктестікті дамыту мәселелелері талқыланды.   Сондай-ақ Сағынтаевтың сөзінше  2015-2016 жылдары жеңіл өнеркәсіп өнімдерін таңбалау жүйесін кезең-кезеңімен енгізу мәселесі бойынша бірыңғай түсіністікке келген.  Жекелей алғанда, алғашқы кезеңде табиғи былғарыдан жасалған өнімдер мен тауарларды таңбалау керек деп шешілді. Хабарламада жазылғандай, бұл сұрақтар нақты түрде 6 ақпанда өтетін Еуразиялық өзара үкіметаралық кеңестің отырысында қаралатын болады. 

Похожие материалы