Экономика
Қытай EXPO-2017 халықаралық көрмесіне қатысатындығын ресми түрде растады
Қытай EXPO-2017 халықаралық көрмесіне қатысатындығын ресми түрде растады. Бұл жөнінде Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары, ЭКСПО-2017 комиссары Рапиль Жолшыбаевтың Бейжіңге барған сапарында белгілі болды деп хабарлайды «Хабар» агенттігі.
Қатысатындығын ресми түрде мәлімдеген ҚХР халықаралық саудаға жәрдемдесу комитетінің төрағасы Цзиян Цзэнвэй болатын.
Осылайша, Қытай Халық Республикасы халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға ресми келісім берген 39-мемлекет.
Осы тектес ірі көлемді шараларды ұйымдастырудан біраз тәжірибесі бар Қытайға көрме залынан үлкен пввильон берілетін болады.