Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қытай Пәкістанға 46 млрд доллар инвестиция салады

Қытай Пәкістанға 46 млрд доллар инвестиция салады

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин бірінші рет ресми іс-сапармен Пәкістанға келді. Алдағы екі күн бойы Пәкістан-Қытай экономикалық дәлізінің құны 46 млрд доллар болатын жобасының аясында іске асырылатын бағдарламалар талқыланады. Қытай басшысының Пәкістанға сапары аясындағы келіссөздер  барлық аймақ үшін өте маңызға ие болады деп хабарлайды vestifinance.ru.

БАҚ-тың хабарлауынша, алдағы уақытта 28 млрд доллар инвестиция салынуы туралы хабарлануы мүмкін. Қаржының негізгі бөлігі Гвадар портында инфрақұрылым салуға жұмсалады. Гвадар Аравия теңізіндегі мұнай танкерлері өтетін ең маңызды айлақтардың бірі болып табылады.

Сондай-ақ автожолды қайта жөндеуден өткізуге, жағалау желілерінің құрылысы мен нығайтылуына, еркін сауда аймағын құруға және 5 жыл ішінде салынуы қажет халықаралық әуежай жобасы үшін де қомақты инвестиция салынбақ.

Қытай-Пәкістан экономикалық дәлізін құру бойынша жобаны іске асыру Пекиннің Ұлы жібек жолын жаңғырту туралы жаһандық стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Бұл идея 2013 жылы Си Цзиньпиннің Астанадағы баяндамасы кезінде айтылған еді.

Қытай Орта және Оңтүстік Азияны экономикалық серіктестік, саяси байланыспен нығайтатын Жібек жолын автомагистраль, темір жол және әуе жолдарымен қамтамасыз ету үшін миллиардтаған доллар бөлуге әзір.

Си Цзиньпиннің мұндай жоспарлары  Қытайды әлемдік державаға айналдырып, Азия-Тынық мұхиты аймағындағы теңіз державасы ретінде де басымдығын қайта қалпына келтіріп, аумақтағы саяси және экономикалық ықпалын арттыруға бағытталған стратегиясының аясындағы бағыттың бірі деп бағаланып отыр.

Похожие материалы