Алматы. 13 маусым. 7kun.kz - Қытайдағы Apple компаниясының қызметкерлері тұтынушыларының жеке мәліметтерін сатумен айналысқан. Бұл туралы 24gadget.ru хабарлады.
Оларды Қытай қауіпсіздік қызметі анықтады. Кибералаяқтар елдің төрт провинциясында жұмыс істеп келген. Операция барысында 22 адам ұсталып, оның 20-сы Apple компаниясының жұмысшылары екені анықталды.
Қытай қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, күдіктілер қызметтік бабын асыра пайдаланған. Олар Apple компаниясының клиенттерінің логин, пароль және Apple ID сияқты жеке ақпараттарын жинаумен айналысқан.
Құқық қорғау органдары қылмыс қай уақыт аралығында болғанын жарияламады. Қылмыскерлер заңсыз түрде 7 млн 660 мың доллар пайда тапқан. Олардың ісі Қытай сотына жіберілді.