Қытай халық республикасы – ауданы бойынша әлемде үшінші орында, ал халық саны бойынша бірінші орында тұрған держава. Өз кәсібіңізді ашу үшін таптырмас ел. Қытайға қыдырып немесе жұмыс бабыммен көшіп барып жатсаңыз аң алдыме нені білу керек? Қытайда өмір сүру қанша тұрады?
Төменде қарапайым өмір сүруге қажетті шығындар көрсетілген. Оған транспорт, коммуналдық есептер, спорт пен көңіл-көтеру және азық-түлік сияқты қажеттіліктер кіреді. Ақпарат Қытай тұрғындарынан алынған сауалнамаға негізделген.
Қытай туралы не білеміз?
2010 жылы Қытай экономикасы жағынан Жапониядан асып түсіп, екінші орынға тұрақтаса, 2014 жылдан бастап ЖІӨ бойынша әлемде бірінші орында тұр. Азық-түлік өндірісі мен автокөлік өндірісінен көшбасшы. Ірі экспорттаушы ел.
Қытай БҰҰ, АТЭС, бүкіләлемдік сауда ұйымы, БРИКС сияқты халықаралық ұйымдарға мүше.
Қытайдың ақша бірлігі – юань. Юань әлемдік валюта қорының жартысына ие. Қазір юаньнің теңгеге шаққандағы құны 45 теңге көлемінде. ҚХР-дың банктік жүйесі орталық, саяси, коммерциялық банктерден, банктік емес қаржылық ұйымдардан, қалалық-ауылдық кредит кооперативтерінен және инвестициялық траст компаниялардан тұрады.
Қытайда өмір сүру деңгейі қандай?
[caption id="attachment_65000" align="alignnone" width="1000"] Фото: tourisminchina.ru[/caption]Қытайдағы тауар бағалары мен қызмет ақысы әр қалада әр түрлі. Мысалы, Пекин мен Шанхайда Чэнду, Куньмин сияқты орташа қалалардан қарағанда баға қымбат.
Қытайда өмір сүру қанша тұрады?
Бұл әрбір туристтің немесе ҚХР көшуді жоспарлап жүрген әрбір азаматты толғандыратын сұрақ. Әсіресе өзіне қажетті қызметтер құны аса маңызды.
Тұрғын үй
Пекин мен Шанхайда пәтердің бір бөлмесін жалдау үшін ең кемі 2500-3500 юань қажет. Ал басқа қалаларда жалдау құны төмен. Дегенмен, барлығы пәтердің жағдайы мен орналасқан қызметіне байланысты. Одан бөлек, сіздің электр энергиясына, газға, суға және ғаламторға қаражат төлеуіңіз қажет. Жалпы коммуналды қызметтер үшін шамамен 400-600 юань қажет.
Байланыс
Әлбетте, сізге ұялы телефон қажет болады. Ұялы байланыс үшін айына 100 юань жұмсайсыз. Бірақ барлығы, ғаламторды қаншалықты пайдаланып немесе қанша уақыт телефонмен сөйлесетініңізге байланысты.
Тамақ
Қарапайым қытай тұшпарасы немесе кеспе 10-15 юань тұрады. Ал егер ет, балық немесе күріш жегіңіз келсе, онда қымбат ресторандарға барып, біраз шығындаласыз.
Транспорт
Метро мен автобусқа төленетін жолақы арзан. Жол жүру үшін сіз күніне шамамен, 5 юань төлейсіз, ал айына 150 юаньдей кетеді. Ал такси бағасы әлдеқайда қымбат. Әсіресе Пекин мен Шанхай қалаларында арнайы такси шақырту құны басқа қалалардан қарағанда жоғары.
Енді аталған категориялар бойынша кететін шығынды минималды сомада есептеп көрейік. Тұрғын үй (300 юань) + коммуналды қызметтер (200 юань) + телефон мен ғаламтор (100 юань) + тамақтану (1100-2100 юань) + жол ақысы (150 юань) болғанда, айына 4500-5500 юань қаражат қажет.
4500 юань бұл сіздің қалтаңызда болуы тиіс минималды сома. Сонымен қатар, көңіл көтеруге, киім-кешек сатып алуға, медициналық сақтандыруға, виза мен халықаралық рейстерге кететін шығындарды да ұмытпаңыз.
Пекин қаласындағы баға деңгейі
[caption id="attachment_65016" align="alignnone" width="660"] Фото: kapital.kz[/caption](1 юань = 45,7 теңге)
Тұрғын үйлер
Қала орталығынан студия-пәтер жалдау - 4,958.33 юань
Қала орталығында коммуналды пәтерден бөлме жалдау – 3,076,92 юань
Қала орталығынан үш бөлмелі пәтер жалдау - 9,850.00 юань
Қаланың тыныш ауданынан пәтер жалдау - 6,055.56 юань
Қаланың тыныш ауданынан, коммуналды пәтерден бөлме жалдау - 1,900.00 юань
Қаланың тыныш ауданынан үш бөлмелі пәтер жалдау - 5,522.22 юань
Тамақ пен сусындар
Арзан мейрамханадан түскі ас ішу - 26.94 юань
Қымбат мейрамханадан түскі ас ішу - 148.08 юань
Шетелдіктерге арналған мейрамханадан түскі ас ішу - 181.25 юань
Макдональдстан түскі ас ішу - 32.20 юань
Барлардағы жергілікті сыра құны - 10.58 юань
«High End Venue» түнгі клубындағы импорттық сыра - 39.38 юань
«High End Venue» түнгі клубындағы коктеиль - 59,47 юань
Бір шыныаяқ кофе - 24,77 юань
Базардағы бағалар
Сүт (1 литр) - 17.61 юань
Нан - 16.12 юань
Ақ күріш (500 г) - 8,00 юань
Жұмыртқа (6 дана) - 12.82 юань
Тауық еті (500 г) - 16.29 юань
Алма (500 г) - 8,83 юань
Апельсин (500 г) - 8,498.20 юань
Қызанақ (500 г) - 3,865.64 юань
Картоп (500 г) - 4,713.78 юань
Щараптың орташа бағасы - 79.71 юань
Үй сырасы (0,66 л) 4,88 юань
Импорттық сыра (0,33 л) 14,47 юань
Киім
Джинсы (Levis т.с.с.) - 470,83 юань
Жаздық көйлек (H&M т.с.с.) - 241,57 юань
Спортивная обувь (Nike т.с.с.) - 700,40 юань
Былғары аяқ киім - 665,75 юань
Басқа қызметер
Қытай салонында шаш қию - 42.27 юань
Халықаралық салонда шаш қию - 227,50 юань
Күтуші немесе үй жинаушының сағаттық төлемі - 36,88 юань
Бір айлық жалақы мөлшері
Шетел тілі мұғалімі - 12,875.00 юань
Инженер - 14,750.00 юань
Бас директор - 23,714.29 юань
Адвокат - 20000,00 юань
Пицца дайындаушы - 8,000.00 юань
Шеф-повар - 20.000,00 юань
Біз шартты түрде, жұмсайтын қаржысының көлеміне қарай әр экспатты үш категорияға бөлдік. Олар: қарапайым адам, орта деңгейлі шетелдік және саяхатшы.
Алғашқы типтегі Қытайға қоныстанған шетелдік қолда бар қаражатын барынша үнемдеуге тырысады. Ол қала сыртындағы коммуналды пәтерден бөлме жалдайды. Тек қоғамдық көлікпен ғана қатынайды. Клубтарға сирек барады. Мейрамханалардан қарағанда, тамақты үйде дайындағанды дұрыс деп есептейді.
Орта деңгейлі шетелдік бюджеттегі сомасына қарай, қымбат өмір сүруге тырысады. Ол қала орталығындағы коммуналды пәтерде тұрады. Аптасына 2-3 рет клубқа барады. Автобустан қарағанда, таксимен жиі жүреді. Көбіне қымбат емес мейрамханалардан тамақтанады.
Үшінші тип – саяхатшы. Оған шығын маңызды емес. Қала орталығында жалғыз өзі пәтер жалдайды. Тек қана таксимен қатынайды. Үнемі шетелдіктерге арналған мейрамханалардан тамақтанады. Аптасына бірнеше рет массаж сияқты қызметтерді пайдаланады т.б.
Сонымен, Қытайда өмір сүру қымбат па?
[caption id="attachment_65017" align="alignnone" width="900"] Фото: kapital.kz[/caption]Expatistan.com сайтынан алынған ақпаратқа сүйенсек, Шанхайда өмір сүру Римнен қарағанда бес пайызға арзан. Ал Лондонмен салыстырсақ, Қытайдағы бағалар 45 пайызға, Нью-Йоркпен салыстырсақ 41 пайызға төмен. Лос-Анджелестен қарағанда бағалар 26 пайызға арзан. Мадридтен қарағанда керісінше 6 пайызға, Бангкокпен салыстырғанда 45 пайызға қымбат.
Қытайға барғанда нені білу керек?
[caption id="attachment_65024" align="alignnone" width="1000"] Фото: greenword.ru[/caption]Транспорт
Бір қаладан екінші қалаға ұшақпен барған дұрыс. Мемлекетте үш ұлттық және төрт аймақтық тасымалдаушылар бар. Транспорттың танымал түрі – пойыз. Жоғары жылдамдықпен жүретін экспресс пойыздар (350 км/сағ) және тоқпен жүретін қарапайым пойыздар. Билетті купеге, отырып баратын және тұрып баратын орындарға сатып алуға болады.
Пекинде, Шанхайда, Гуанчжоуда, Шеньчжен мен Тяньцзин қалаларында метро, автобустар және троллейбустар жүреді. Уақыты таңғы бестен, түнгі 10-11 ге дейін.
Қауіпсіздік
Қытайға барар кезде вакцина немесе екпе жасатудың қажеті жоқ. Құжаттарыңыз бен қаражатыңызды сақтау үшін міндетті түрде сейф қажет. Егер сейф болмаған жағдайда құнды заттарыңызды кезекші администраторға өткізіп қоюыңызға болады.
Қытайда жүрген кезде өзіңізбен бірге қонақүй анықтамасын немесе сіз туралы мәлімет жазылған карточкаңызды алып жүруіңіз керек. куәліктер қытай тілінде толтырылу міндетті.
Құбырдан қайнатылмаған су ішуге болмайды. Кез келген қонақүйде қайнаған су құйылған термос немесе электрлі шәйнек болады. Сонымен қатар, қонқүйлердің көпшілігінде минералды суды тегін беріледі.
Валюта
Юань (CNY) – ҚХР аумағындағы жалғыз ресми валюта. Оны Қытай банкінің негізгі бөлімдерінен айырбастауға болады. Ақша айырбастағаннан кейін берілетін түбіртекті міндетті түрде сақтап қойыңыз. Себебі, сапар соңында қалған ақшаңызды айырбастағыңыз келсе, сол түбіртекті көрсетуіңіз керек.
American Express, Visa, Master Card және т.б. кредиттік карталарын қонақүйлерде, мейрамханаларда және ірі мемлекеттік универмагтарда қабылдайды. Ал ол карталардан қолма-қол ақшаны шешіп алу, Қытай банкінің филиалдарында жүзеге асады.
Климат
Қытайдың әр ауданында ауа-райында айтарлықтай айырмашылық бар. Қыс мезгілінде солтүстіктегі орташа температура −7 °C, жазда +22 °C. Ауасы құрғақ. Ал орталық бөлігінде қыста күн от 0 °C-тан −5 °C-қа дейін суық болса, жазда шамамен +20 °C. Оңтүстік Қытайда қыста +6 °C-тан +15 °C-қа дейін, жазда +25 °C-тан жоғары.
Қытайға бару үшін ең қолайлы уақыт ол көктемде және күзде. Ал Хайнань аралына жылдың кез келген мезгілінде баруға болады. Онда жылдық орташа температура +28 °C
Шоппинг
Қытайдан кәдесый ретінде көбіне тамақ ішуге арналған таяқшалар, фарфор бұйымдар, қобдишалар сатып алынады. Мин династиясының ақшыл көк түсті фарфорлары арнайы дүкендерде, антикварлық салондарда сатылады. Сонымен қатар, классикалық қытай кескіндемелерін де ала аласыз.
Ханчжоу мен Сучжоу қалалары шайымен және жібек маталарымен танымал. Алайда шай немесе шай тектес ұсақ тауарлар мөлшері жарты келіден аспауы тиіс. Одан бөлек, нефриттен жасалған заттарға, кілемдерге, жібек маталарға, маржан әшекейлерге және күміс монеталарға да назар аударыңыз.
Үлкен дүкендер мен сату киоскілерінде арнайы баға қойылған. Ал базарда сіз саудаласа аласыз. Мемлекеттік сауда орындары сағат 9:30-дан 20:30-ға дейін жұмыс істейді. Базарлар әдетте сағат таңғы 7:00 де ашылады.
Қытай ас үйі
[caption id="attachment_65018" align="alignnone" width="816"] Фото: 1news.info[/caption]Қытай Шаньдун, Сычуань, Кантон (Гуандун) және Фуцзянь дегентөрт басты «гастрономды ауданға» бөлінеді. Шаньдун тағамдары тұзды тамақтарымен және ашық түсті соустарымен ерекшеленеді. Ал Сычуань ас үйінде хош иісті, ашты дәмдеуіштер көп қосылады. Кантонда ас жеңіл дайындалады және құрамы әр түрлі.
Пекин үйрегі – бұл туристтер арасында ең танымал тағам түрі. Оны арнайы фермаларда өсірілген 2,5 келілік үйректен дайындайды. Бұл тағамда соустан бастап, үйректі пісіретін ағаш түріне де баса назар аударылады.
Тофу – кез келген қытай мейрамханалары мен кафелерінде кездестіруге болатын пайдалы өнім. Ол бірегей қасиеттерге ие. Тофудың еттен, балықтан, асшаяндардан және көкөністерден жасалған түрлері бар.
Қытай тұшпарасы Қытай мәдениетінің бір бөлігі. Оның формасы мен құрамы әр жерде әр түрлі. Ішіне зімбірмен, пиязбен, күнжіт майымен және соя соусы араласқан доңыз етін немесе асшаян салады.
Шай – Қытайдың символы. Оны 18 провинцияда және елдің автономды аудандарында өсіреді. Бір түптің балғын жапырақтарынан 500-ден аса шай сұрыптарын жасайды. Қытай шайын дұрыс ішуді үйрену үшін, шай ішу дәстүріне көз жүгіртіңіз. Сусынды Пекинде Маляндао көшесінен, Гуанчжоуда Фанцунь базарынан сатып ала аласыз. Жақсы шайдың бағасы да қымбат.
Көрнекті жерлері
[caption id="attachment_65013" align="alignnone" width="600"] Фото: ladysovety.ru[/caption]Туристтер үшін Қытайда тарихи-мәдени маңызы бар 99 қала, мемлекет қарауындағы 750 бірегей ескерткіш және 119 табиғат орындары бар. Оған Шаолинь сияқты әйгілі монастырьлер, женшень фермалары, Ұлы Қытай қорғаны, Гоби және Такла-Макан шөліндегі көптеген археологиялық қазындылар, Гималай баурайындағы альпинистік базалар кіреді. Сонымен қатар, Юньнань-Гуичжоу тауындағы сарқыларамалар мен терең үңгірлер де сізді таң қалдырады.
[caption id="attachment_65015" align="alignnone" width="640"] Фото: 1chudo.ru[/caption]Алайда бұл жерлерге бару үшін сіз алдын-ала дайындалу керексіз. Онда шетелдіктерді арнайы рұқсатсыз кіргізбейді. Оның үстіне биіктік пен қысымның жоғарылауын барлық адамдар бірдей қабылдай алмайды.
Шанхайда Қытайдағы ең ірі ғимараттардың бірі - Oriental Pearl Tower телевизиялық мұнарасы бар.
[caption id="attachment_65014" align="alignnone" width="800"] Фото: soullaway.livejournal.com[/caption]Егер сіз пандаларды көріп, оның баласын қолыңызға алып көргіңіз келсе, панда өсіретін орталықтарға барыңыз. Қолайлы мезгіл таңертеңгі уақыт. Себебі, түстен кейін аюлар ұйықтайды.
Артықшылықтары
Ұялы телефон сатып алу.
[caption id="attachment_65001" align="alignnone" width="560"] Фото: ithome.com[/caption]Қытайда телефон сатып алу өте арзан әрі таңдау көп. Ол үшін сізге арнайы жоспарлар құрудың қажеті жоқ. дүкенге барасыз да өзіңізге қажетті қызметтері бар ұялы байланыс құралын сатып аласыз. Одан кейін, кез келген Family Mart-қа барып, Wi-Fi арқылы бірнеше минутта қалаған қосымшаларыңызды көшіріп аласыз.
Шоппинг
[caption id="attachment_65002" align="alignnone" width="630"] Фото: taobao.com[/caption]Ebay-де ғана сатылатын, құлпынай иісті денеге арналған сусабыныңызды таба алмасаңыз, қынжылмаңыз. Сіз оны Taobao-дан сатып ала аласыз. Себебі, үйіңіздегі құралдардың көбісі Қытайда жасалған.
Үйге дейін жеткізу
[caption id="attachment_65003" align="alignnone" width="660"] Фото: ekd.me[/caption]Қытайда көптеген жеткізу қызметтері бар. Сізге қалаған тағамыңызды, су мен шарапты, тіпті шетелдік валютаны да жеткізіп береді.
Киім сатып алу
[caption id="attachment_65004" align="alignnone" width="600"] Фото: strippedpixel.com[/caption]Қытай нарығында киім-кешек өте арзан тұрады. мысалы, қарапайым жейдені сіз 50 юаньға сатып ала аласыз.
Алкоголь
[caption id="attachment_65005" align="alignnone" width="640"] Фото: isidorsfugue.com[/caption]Қытайдағы шетел диаспорасы алкогольді көп тұтынады. Мейрамханалар мен барларда жақсы шарап үшін, біраз қаражат төлейсіз. Бірақ ірі қалалардың өзінде арзан ішімдіктер сататын жерлер бар. Сонымен қатар, әр түні міндетті түрде арнайы қызметтер мен жеңілдіктер ұсынылады.
Ақша табу
[caption id="attachment_65006" align="alignnone" width="600"] Фото: grbltd.co.uk[/caption]Қазіргі Қытай экономикасы жағдайында ақша табу ең маңызды мәселе. Үлкен сомадағы қаражат мегаполистер айналымында жүр. Олар креативті-шығармашылық индустрияның дамуына жұмсалып жатыр. Кей салалар мұнда әлі де артта қалып жатыр. Сондықтан мұнда жаңа кәсіп ашу үшін үлкен мүмкіндіктер бар.
Қолжетімді өмір
Егер сіз қаржылық қиындыққа тап болсаңыз немесе жұмыс іздеп жүрсеңіз сіз жергілікті тұрғындар сияқты өмір сүре берсеңіз болады. Көше тағамымен тамақтану мен бірнеше үйге ортақ ваннада жуынуда тұрған ештеңе жоқ. Мысалы, Шанхайда қала орталығының өзінде аз сомада күн көруге болады. Жергілікті азық-түлік дүкендерінде баға өте арзан. 100 юаньға сұлулық салондары қызметтерін пайдалана аласыз. Қытайда жайлы өмір үшін, банк тонаудың қажеті жоқ.
Алкогольсіз сусындар
Қытайға барсаңыз міндетті түрде Coco Tea ішіп көріңіз. Бұл жерде Bubble tea-дің ерекше түрлерін ұсынатын орындар көп. Олардың ішінде ең үздігі манго қосылған көк шай және лимон қосылған салқындатылған қара шай.
Транспорттық жүйе
[caption id="attachment_65009" align="alignnone" width="656"] Фото: magazeta.com[/caption]Қытай қалаларындағы метро өте ыңғайлы. Ал егер сіз жұмысқа автобуспен бармақ болсаңыз, онда онға жуық ұсыныстар сіз үшін қолайлы маршрутты құрып бере алады. Жол ақысы – 3 юань.
Бұдан да жақсы ұсыныс бар. ол – велосипед. Велосипед қалада қатынаудың ең жеңіл әрі ыңғайлы транспорты. Сонымен қатар, электромопед немесе мотоцикл да ыңғайлы қозғалыс құралы болады.
Кемшіліктері
Банктік қызметтер
Кезекті өте ұзақ уақыт күтесіз және ескірген байланыс жүйесінен есепшінің сөзін есту де қиындық тудырады. Ең дұрысы өзіңізбен бірге қытайлық досыңызды ертіп алыңыз. Ол сіздің банктік шотыңызға онлайн-банк қызметін орнатуға көмектеседі.
Ғаламтор
[caption id="attachment_65012" align="alignnone" width="800"] Фото: macdigger.ru[/caption]Қытайда ғаламтор қызметі сапасыз. Әрі жылдамдығы өте төмен. Сіздің көп уақытыңыз Фейсбуктің ашылуы үшін VPN қосылуын күтумен өтеді.
Қажетті киім өлшемін табу
Тігіншінің көмегінсіз шетелдік еуропалық дене бітіміндегі азамат үшін лайықты киім өлшемін табу қиын. Ол үшін үлкен қалалардағы H&M, Zara, Uniqlo, Forever 21 сияқты сауда дүкендеріне баруыңыз қажет болады. Ал аяқ киім ше? Сіздің аяқ өлшеміңіз батыстықтардар қарағанда, үлкен. Сондықтан дәл келетін көлемдегі аяқ киім табуға мүмкіндік аз. Кейбір дизайнерік сауда орындарынан ғана үлкен өлшемдегі аяқ киім таба аласыз.
Нағыз алкоголь
Қытайдың ең жақсы мейрамханалардың өзінде алкогольдің сапасы күмән келтіреді. Себебі, сусындар мен азық-түліктің қайдан тасымалданатындығын анықтау қиын. Сондықтан мастықтың салдары ауырлау болады.
Ауа
[caption id="attachment_65007" align="alignnone" width="568"] Фото: Feng Li/Getty Images.[/caption]Қытайдың өндірістік дамуы экологиялық проблемаларды күшейтіп жатыр. Сіз қанша ауа тазартқыштар мен бетперделер сатып алсаңыз да, бұл мәселеден құтыла алмайсыз. Қытай ауасымен бір күн тыныстану, 21 дана шылым шеккенмен тең.
Шұғыл медициналық көмек
[caption id="attachment_65008" align="alignnone" width="600"] Фото: Yang Yi/ China Daily[/caption]Қытай мегаполистерінде кептелістің кесірінен, шұғыл медициналық көмек көрсететін көліктер қажетті орынға кеш келеді. Сондықтан сақтандыруыңыз бойынша, жергілікті ауруханалардың нөмірі мен мекен-жайын жазып алыңыз.
Транспорттық жүйенің күрделілігі
[caption id="attachment_65011" align="alignnone" width="700"] Фото: tripblog.ru[/caption]Қарбалас уақытта метродағы адамдар тобырына төзу мүмкін емес. Оның үстіне жол кептелісі мен автокөліктердің үзілмейтін сигналдары бар.