ҚХР-дан 2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айларына Қазақстанға тікелей келген инвестиция көлемі 623,9 млн долларды құраған. Бұл өткен жылдың осы кезеңінде келген инвестициямен салыстырғанда 7 есе көп.
Жалпы, Қазақстанның индустриалды даму жүйесінде Қытай - еліміздің сауда-саттықтағы ең ірі бес серіктесінің бірі. 2015 жылдың соңынан бері Қазақстан мен ҚХР арасында транспорттық инфрақұрылым, сауда, өндіруші өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы мен басқа да салаларда ортақ кластерлік аумақ құру туралы 5 ірі келісім-шарт жасалған.
Екі тарап инвестицияны дамыту үшін кластерлік парктердің ролін арттыруға тырысып отыр. Бұл үшін екі тарап құрылысты дамытып, «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын пайдалануға беруді жоспарлап отыр.
2016 жылы Қазақстанның Қытаймен сауда-саттығы жалпы сыртқы сауданың 16 пайызын құраған.
Алайда Қазақстан мен ҚХР-дың сауда қатынасының өсу қарқыны баяулап қалды. 2016 жылдың 11 айында екі ел арасындағы сауда айналымы 7,1 млрд долларды ғана құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 27 пайызға аз. Дегенмен қызмет көрсету саласында біршама өсім байқалады: ол өткен жылмен салыстырғанда 21 пайызға артып, 1,1 млрд долларды құраған.
Қазір Қазақстан мен Қытай үкіметтері шекаралық байланысты арттыру бағдарламасы аясында темір жол қатыстарын арттыруды жоспарлап отыр. Оның ішінде, «Достық – Алашанькоу», «Алтынкөл – Қорғас» темір жолдарының тауар тасымалдау қызметін күшейтіп, ШҚО мен Қытайдың Алтай, Тачен округтерін байланыстыратын темір жолын салу туралы келіссөз жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, Қытайдың Қазақстанға ұсынған «Бір белдеу, бір жол» бастамасы бойынша екі ел Ляньюнган портындағы халықаралық логистикалық аумақтағы терминалдардың қуатын арттыруға, Инчебурун стансасы мен «Бандер-Аббас» портында жаңа терминалдар салуға бекініп отыр.
2016 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстаннан Қытайға жеткізілген тауарлар саны 115,5 млн долларды құраған. Бұл 2015 жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 28 пайызға аз. Негізінен, тасымалдайтын тауарлар саны азайған жоқ, керісінше экспорттаралатын тауарлар саны 75 пайызға артқан, тек тауарлардың бағасын арзандатқан. Ал импорт келетін тауарлар көлемінің 40 пайызға азаюы есебінен 42 пайызға қысқарды.
Сонымен бірге, Қытайға Қазақстаннан экспортталатын минералды өнімдер мен отын-энергетикалық тауарлардың көлемі бір жылда 33 пайызға азайып, 2016 жылдың қаңтар-қараша айларында 133 млн долларды құраған. Бұл негізінен мұнай мен күкірт тасымалының азаюы есебінін қысқарып отыр.
2016 жылдың қыркүйегінде Қазақстанның Қытайға қарызы 54 млн долларға немесе 2 пайызға қысқарды.