Қытайлық China National Chemical Corporation (CNCC) италиялық Pirelli компаниясының негізгі акционерлерімен шина өндіруші акцияларының бақылау пакетін сатып алу туралы келісімге келді. CNCC 7 млрд евроға бағаланатын компанияға бақылау орнатып, солан соң Милан қор биржасында Pirelli-дің делистингін өткізбек деп хабарлайды The Financial Times.
Компаниялар осындай келісімге 22 наурыз күні келді; дүйсенбі күні компанияның бас директоры Марко Трончетти Провера ресми мәлімдемі жасамақ.
CNCC, Pirelli-ді толығымен бақылауға алар алдында, акциясына 15 евро бағамен Camfin холдингін сатып ала бастайды, бұл компанияға италиялық шина өндірушісінің 26%-ы тиесілі.
Бұл келісім Pirelli-ге жүк машиналарға арналған шиналар өндірісін екі есе - жылына 12 миллион шинаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл мәміле италиялық компанияға "даму мен тұрақтылықты" қамтамасыз етеді деп жазады FT, Марко Трончетти Провераның сөздеріне сілтеме жасап. Мәміле жасалғаннан кейін де ол компания басшылығында қалады.