
Пекин. 5 мамыр. 7kun.kz - Қытайдың OUKITEL өндірушісі 4 камералы U22 смартфонын ұсынды. Яғни 2 фронтальды және 2 артқы камерасы бар. Бұл туралы hi-news.ru хабарлады.
Артқы негізгі камера 8 мегапиксельді, алдыңғы негізгі камера 5 мегапиксель. Ал қосымша камералар көмекші рөлін атқарады. Олар 2 мегапиксельді. Жалпы екі камера да жалқылмен (вспышка) қамтылған.
OUKITEL U22 смартфоны сатылымға 2017 жылдың мамыр айының ортасында шығады. Жаңа гаджеттің бағасы қандай болатыны әлі белгісіз.