Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қызылорда және Ақмола облыстарындағы шағын және орта кәсіпкерлер туралы мәлімет

Қызылорда және Ақмола облыстарындағы шағын және орта кәсіпкерлер туралы мәлімет

Мемлекеттік қолдау, гранттар мен субсидиялар саны артқан сайын шағын және орта бизнес объектілеріне ерекше назар салына бастайды. Назарларыңызға Қызылорда және Ақмола облыстарындағы шағын және орта бизнес нысандарына қатысты ақпаратты ұсынамыз. Төменде аймақтағы ШОБ иелері, кәсіпорын атауы, мекен-жайы және маманданған саласы туралы толық мағлұмат берілген. 

Қызылорда облысында қанша кәсіпкер бар?

Қызылорда облысында соңғы уақытта шағын және орта бизнес қарқынды дамып келеді. Әсіресе аяқ киім өндірісі, дәнді дақылдар сияқты кәсіп түрлерін іске асыру аймақ тұрғындары арасында кеңінен танымал болып жатыр.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2016 жылдың 1 шілдесіне тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 47 420, оның ішінде ШОБ жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 39 676 құрайды. Жалпы ШОБ тіркелген субъектілер ішінде жұмыс істеп тұрған субъектілердің үлесі 83,7%-ға тең.

Ақмола облысында қанша кәсіпкер бар?

Қазір облыс бойынша 24,7 мың кәсіпкерлік объект есепке алынған. Белсенді кәсіпорындардың 24,5%-ы көтерме және бөлшек саудаға, көлік пен тұрмыстық техникаларға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына бейімделсе, 18,9%-ы  - ауыл, орман және балық шаруашылығында, 16,9%-ы - құрылыста, 11,1%-ы -  өнеркәсіп жүйесінде тірлік қылуда.

Облыс аумағында 4 601 шаруа қожалығы тіркеліп, оларда 10,7 мың адам жұмысқа тартылып отыр.

Мейірхан АМАНГЕЛДІ "7"

Похожие материалы