Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Зейнетақы қорының 50 млрд теңгесі теміржол саласына жұмсалады

Зейнетақы қорының 50 млрд теңгесі теміржол саласына жұмсалады

Астана. 21 ақпан. 7kun.kz - Бірыңғай зейнетақы қорынан теміржол машина жасау саласына 50 миллиард теңге ақша бөлінеді. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің алқа отырысында вице-министр Альберт Рау мәлімдеді, деп хабарлады Астана телеарнасы.

Вице-министрдің айтуынша, зейнетақы ақшасына жаңа үш мың вагон шығаралып, тасымал саласында туындаған сұрақтарды шешу көзделіп отыр. Сондай-ақ вице-министр құрылыс саласында компаниялардың отандық өнімге көңіл бөліп, қазақстандық компанияларға қолдау көрсету жағын ескертті.

"Өткен жылы біз құрылыс үшін сырттан 600 тонна цемент сатып алдық. Маңғыстау облысындағы зауыт батысты тұтастай цементпен қамтуға қауқарлы. Болашақта ішкі нарықты отандық өніммен қамту керек", - деді Альберт Рау.

Сондай-ақ, жиында «Бәйтерек» ұлттық холдингінің басқарма төрағасы Ерболат Досаев компанияның жүйесінде қайта құру болатынын айтты. Енді холдинг Президенттің тапсырмасы бойынша инвестиция тартуға басымдық беріп, қаржылық қызметтің бір терезе қағидаты бойынша жұмыс істемек. Бұл қадам сондай-ақ холдингке еншілес компаниялардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Жаңа құжат екінші наурызға дейін дайын болады.

"Бизнестің жол картасы - 2020 кәсіпкерлікті қолдау жобасы өз ісін жалғастырады. 2016-шы жылы мемлекеттік даму бағдарламасы шеңберінде ірі жобаларға қаржы бөлу үшін холдинг Қазақстанның даму банкі арқылы Ұлттық қордан, республикалық бюджеттен және біріңғай ұлттық зейнетақы қорынан 295 миллиард теңге қаражат алған", - деді Ерболат Досаев.

Похожие материалы