Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әзірбайжан жеке брендімен смартфон шығарады

Әзірбайжан жеке брендімен смартфон шығарады

Алматы. 17 сәуір. 7kun.kz - Әзербайжанда Made in Azerbaijan брендімен смартфон жиналады. Бұл туралы Trend CRM Group компаниясының бас директоры Рамин Сүлейманов хабарлады, деп жазады inform.kz.

Рамин Сүлеймановтың айтуынша, алғашқы смартфондар жұртшылыққа маусым айында ұсынылады.

«Күзде бізге бөлінген өндірістік алаңдар құрылғылардың конвейерлік жинағын іске қосуға әзір болады. Біз тұтастай IT-өнімнің 10 шақтты түрін жинауға патенттік құқық алдық. Оның ішінде планшеттер, ноутбуктер, принтерлер бар. Әзербайжанда жиналған өнім өңірлік нарықтарға экспортталады», - деа атап өтті Рамин Сүлейманов.

CRM Group басшысының мәлімдеуінше, компьютерлік және перифериялық жабдықты реттеу 2018 жылдың жоспарына кіреді.

«Жоғары технологиялық өнім шығару елде іске асырылатын алғашқы ауқымды жоба. Біз мұны үлкен қадам және ел экономикасына құйылған инвестиция деп санаймыз. Көрші Түркияда мысалы, Casper брендімен ноутбук жиналады. Біз осы тәжірибені Әзербайжанда іске асыруға ниеттіміз», - деді Сүлейманов.

Похожие материалы