Мен белгілі бір банктен (белгілі бір себептермен банк атауы көрстеілмеді) несие алғанмын. Айына 78000 теңге төлеймін. Қазір наурыз айынан бері жұмыссызбын. Денсаулығыма байланысты жұмыстан босатылдым. Алайда басқалардан қарыз алып екі айдың кредитін төледім. Осы айда төлей алмай жатырмын. Өзімнің аяғым ауыр. Осындай жағдайда кредитті уақытша тоқтатуға бола ма?
Асаубаева Жанар, әлеуметтік желі арқылы жолданды
Жанар, сіздің көрсеткен себептеріңіз өте орынды. Алайда сізбен банктің арасында қарыз алу шарты жасалған? Осы шарттың талаптарына сәйкес сізге банк несиені белгілі бір мерзімге, ай сайынғы төлемдермен тізім жасап берген. Сол себепті банк несиені төлеуді тоқтату мәселеңізді қарауға және қанағаттандыруға міндетті емес. Дегенменде сіз банкке жазбаша түрде арызданып, жоғарыда көрсетілген белгілі себептеріңізді келтіре отырып (арызыңызға себептерді, яғни ауруыңызды, жүктілігіңізді және жұмыстан шыққандығыңызды дәлелдейтін анықтама құжаттарды тіркеп), өтініш білдіре аласыз. Сіздің өтінішіңізді қанағаттандыру немесе қанағаттандырусыз қалдыру несие беруші банктің құзырында. Осы аталған арызыңызды жергілікті жердегі банкітің бас филиалымен қоса Алматы қаласындағы банктің бас басшылығына да көшірмесін белгілі себептеріңізді дәлелдейтін құжаттарыңызбен қоса тіркеп жібергеніңіз жөн. Өйткені жергілікті банк қызметкерлері арыз-өтініштерді көбінде қанағаттандырусыз қалдырады. Егерде Сіздің арыз-өтінішіңіз қанағаттандырылмаған жағдайда біздің компанияның заң көмегіне жүгінгеніңіз сіз үшін тиімді болады, өйткені сіздің басқа жерден қарыз алып, несиені төлеуіңіз, біріншіден сізді бір қарыздан екінші қарызға баурайды, екіншіден сіз негізгі қарыз бен пайызды емес, айыппұлдарды төлеумен боласыз.
Басқа да түсінбеген сұрақтарыңызбен жұмыс күндері осы телефон арқылы хабарласа аласыз: 8 701 887 55 81
Сұраққа «Заң Ақиқат» заңгерлік компаниясының заңгері Жанат Маликбаевич Бутинбаев жауап берді.
Құрметті оқырман! Егер банктерге қатысты (несие, проблемалық несие, несие картасы, депозит, банктер туралы жалпы банк, қаржы саласына қатысты) сұрақтарыңыз болса, бізге жолдаңыз, біз банк мамандарын қатыстыра отырып, жауап береміз. Үлкен мәселе болса Журналистік зерттеу жүргізуге дайынбыз. Сұрақтарыңызды info@7kun.kz почтасына немесе WhatsApp арқылы +7 775 476 6145 телефон нөміріне жолдауды сұраймыз.