Заманауи терең өзгерістерге бірінші болып бейімделген мемлекеттер ғана өз халқының өмір сүру деңгейін жоғары деңгейде сақтап қала алады және де мұндай мемлекеттердің бәсекеге қабілеті аса жоғары болады. Демек, ендігі кезде бизнес саласында пайда болатын идеяларды тиімді жолмен нарыққа енгізу, бәсекеге қабілетті өнімдерді шығару жолымен ұлттық экономиканы бәсекелі етіп елу елдер қатарына қосу біздің мемлекетіміз үшін өте маңызды. Ендігі кезде Адам Смит өз уақытысында зерттеген ұлт байлығының заманауи көзі – инновациялар негізіндегі жаңа ақпараттық, ақылды экономика. Бұл жаңа кезеңді зерттеу елеулі ой талқысынан әлі де болса өтпегендіктен, әрбір ел бірдей межеден бастайды және мұны отанымыз үшін болашағы зор тарихи мүмкіндік ретінде қарауға тиіспіз. Ол үшін жаңа инновациялық өнімдердің коммерциализациясы сияқты мәселелердің теориялық және тәжірибелік астарларына үңілу керек. Мұнда экономикалық өсу мен дамуға қол жеткізу үшін ұлттық экономиканы толығымен жаңа рельстерге қою қажеттілігі микро деңгейден бастап, макро деңгейге дейін таралады.
Бүгінгі замандағы дамыған мемлекетті инновацияларды дамытпайтын ел ретінде көзге елестету мүмкін емес. Жете дамыған мемлекеттер жаңа өнімдер мен технологияларды ойлап табу, өндіріске енгізу мен коммерциализациялау салаларында да дамыған мемлекеттер болып табылады. Осы орайда отандық ғылым ұлттық экономиканың экономикалық өсу мен экономикалық дамуының, сондай-ақ республиканың ұзақ мерзімді стратегиялық басымдықтарына сай ұлттық қауіпсіздік пен экономиканың бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз етудің маңызды факторына айналу бағытын жасау мен іске асыру Қазақстан үшін өзекті мәселе болып саналады.
Осыған негізделе отырып, қазақстандық инновацияларды коммерциализациялауды жүзеге асырудың негізгі жолы – ғылыми сыйымды өндірістерді құру мен озық үлгідегі шетелдік тәжірибені пайдалану, ғылымның барлық ресурстарын тиімді пайдалануды жоғарылату арқылы ғана іске аспақшы.
Бұл мәселенің басты мақсаты инновациялық өнімнің идеядан соңғы тұтынушыға дейін жету жолындағы дамуын, кезеңдерін және коммерциализация үрдісін егжей-тегжейлі қарастыру болып табылады. Ол үшін дамыған капиталистік шет елдердің, атап айтқанда Канада, Испания мен АҚШ-тың ғылыми сыйымды өнімдерді даму сатылары бойынша ұйымдастыру, қаржыландыру, коммерциализациялау мен инвестиция тәуекелдерін мысал ретінде қарастыру міндеттері қойылады.
Сонымен қатар ғылыми сыйымды инновациялық өнімдерді өндіріске енгізгісі келетін жеке сектор үшін қажетті түсініктемелік ақпарат пен коммерциализация, өндірісте өндіру кезінде пайда болатын нақты мәселелерді шешуге бағытталады.
- ЖАҢА ӨНІМДЕРДІ ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ДАМУ ТЕОРИЯСЫ
- Технологиялық құрылыстар теориясы.
Қазіргі әлемде адамзат қоғамдық қажеттіліктерге сәйкес жаңа сапалы өнімдерді жасау үшін еңбекті үнемдеу, өндірістік және өндірістік емес тұтынуға өндіріс шығындарын төмендету, шектеулі ресурстарды тиімді және үнемді пайдалану мәселелерін жиі ойлауда. Дәл осы шектеусіз, әр түрлі, бітпейтін қоғамдық қажеттіліктер адамзатты мұқтаждарды қанағаттандырудың жаңа және тиімді жолдары мен әдістерін іздеуге итермелейді. Адамзат үшін мұндай әдіс ретінде технологияларды құру болып табылады. Технологиялар түсінігі біртекті емес және ол аталған құбылыстың мәнін анықтауға деген әр түрлі бағыттармен байланысты. Технология бұл «өндіріс туралы ғылым» дегенді білдіретін грек сөзі («технэ» - шеберлік, «логос» - ғылым). Егер де алғашында технология термині шикізат пен материалды пайдалану әдістерін түсіндіру мен тұтынушылық және өндірістік өнімге айналдыру үшін туындаса, қазіргі кезде технология өте кешенді мағынаға ие. Бұл сөзбен тек қана шикізаттан өнімді техникалық өндіруді ғана белгілеп қоймайды, сонымен қатар оны педагогика, саясаттану, экономика сияқты адамның өмір сүруінің әр түрлі салаларында қолданады. Заманауи технология сөзінің түсінігі үш астарға негізделеді: мәндік, гнесеологиялық және басқарушылық.
Мәндік астар технлогия құралын (құрал, өндірістік үрдіс, қызметтің өзі, жалпы техникалық немесе гуманитарлық нақтылық) сипаттайды.
Гнесеологиялық астар технологияны қолданылатын білім тұрғысынан қарастырады.
Басқарушылық астар технологияны өмір сүрудің әр түрлі салаларында білімнің кез келген түрлерін мақсатты түрде қолдану деген түсінікпен сипатталады [1, 25-27 б]. Бұл үш астарды жалпылай отырып, технология – бұл білім мен еңбек құралдарын қолдану негізінде тәжірибелік мақсатқа қол жеткізу әдісі деуге болады. С.И. Ожегов пен Н.Ю. Шведованың түсіндірмелі сөздігінде «технология – өндірістің белгілі бір саласындағы өндірістік әдістер мен үрдістердің жиынтығы, сонымен қатар өндіріс әдістерін ғылыми сипаттау» деп түсіндіріледі [2, 123 б].
Технологиялық даму аясындағы көптеген зерттеулерді талдай отырып, екі өзгеше, бірақ та техникалық–экономикалық дамудың бірқалыпсыздығы феноменіне әсер ететін аса маңызды астарларды бөліп көрсетуге болады. Бұл әлеуметтік – экономикалық астар және технократиялық астар. Бұл екі астар бірін–бірі толықтырады және бір–бірін алмастырады. Бұл факторларды елемей, технологиялық дамуды қарастыру мүмкін емес, өйткені бұл күрделі үрдістің мәні жойылып кетеді.
Экономикалық жүйе өнімдер өндірістерінің жиынтығы бойынша ерекшеленетін шаруашылық қызмет салаларынан тұрады. Бірақ бұл салалардың әрқайсысы басқа технологиялық тізбектермен байланысты болады. Технологиялық тізбек дегеніміз – салалардың бір өнімі келесі сала өндірісі үшін шикізат болатын және ары қарай қосылған құн тізбегі бойынша шекті өнімге дейін жүретін технологилялық үрдіс. Осылайша, шикізатты өңдеудің бір технологиялық тізбегіндегі өзгерістер экономикалық деңгейлер бойынша басқа технологиялық тізбектердегі өзгерістердің қажеттілігіне немесе өзгерісіне әкеледі.[3]
Жаңа Технологиялық Құрылыстың (ТҚ) тиімді қызмет етуі тек жеткілікті ұдайы өндірістік контур жағдайында ғана мүмкін болады.
Жаңа ТҚ-ның туындауы қоғамның тұтынудың дәстүрлі типіне бағытталу жағдайында пайда болады.
Әрбір жаңа ТҚ өз дамуының ескі көлік инфрақұрылымы мен энергоұстаушыларды пайдаланады, сөйтіп олардың дамуына жаңа импульсті қалыптастырады және де ТҚ-ның тездетілген өсуінің фазасы ұза мерзімді қарқынмен салыстырғанда энергияны тұтынудың циклдік көбеюімен қатар жүреді. ТҚ-ның дамуы барысында ескі ТҚ-ның шектеулерін жеңетін инфрақұрылымның жаңа түрі құрылады , сонымен қатар келесі ТҚ-ның қалыптасуы үшін негіз салатын энергоұстаушылардың жаңа түрлеріне өту жүзеге асырылады. Жаңа ТҚ технологиясы таралуының алғышарттары сәйкес энергетикалық база, конструкциялы материалдар мен инфрақұрым дамуының белгілі бір деңгейі болып табылады.
ТҚ-ның өмірлік циклі төрт фазадан тұрады: қалыптасу, өсу, пісіп-жетілу мен құлдырау және пульсацияларға тән нысанға ие болады. Бірінші кішігірім пульсация, ол қалыптасу фазасына сәйкес келеді, онда ТҚ-ны құраушы өндірістің кеңеюі алдыңғы ТҚ-ның ұдайы өндірісінің басымдылығымен анықталатын қолайсыз экономикалық ортада жүзеге асырылады. Бұл фазада ТҚ-ның дамуы оның құраушы технологияларының салыстырмалы тиімсізділігімен, сонымен қатар алдыңғы ТҚ-ның ұдайы өндірісімен байланысты шаруашылық ұйымдар мен институттардың қарсыласуымен шектеледі. ҰӨК-тің қалыптасуымен және сәйкес институцияналдық өзгерістер жағдайында ғана жаңа ТҚ-ның тез кеңеюі үшін жағдайлар жасалады, ол екінші – үлкен пульсация нысанына ие болады.
Жаңа ТҚ-ның қалыптасу фазасында оның базистік технологияларының көптеген варианттары болады. Шектеулі ресурстар үшін қатаң бәсеке бірнеше ең тиімді нұсқауларды таңдауға әкеледі. Жаңа ТҚ-ның өсу фазасымен қатар жүретін оған сәйкес қоғамдық қажеттіліктердің өзектілік жағдайында оның базистік өндірістерінің дамуы жаңа технологияны игерген кейбір ұйымдарда жинақталған әмбебеп модельдерінің кейбіреуін шығаруды арттыру жолымен жүргізіледі.[4, 55б]
Нәтижесінде жаңа ТҚ-лар технологиясының құраушыларының тиімділігі артады, дәстүрлі ТҚ-ның орнын басумен барлық қоғамдық өндірістің тиімділігі артады. Кейіннен сәкес қоғамдық қажеттіліктердің қанығуы нәтижесінде, тұтынушылық сұраныс пен қарастырылып отырған ТҚ-ның өніміне деген бағаның төмендеуі, сонымен қатар жетілдірудің техникалық мүмкіндіктерінің бітуі мен оның өндірістерінің құраушылардың азаюы нәтижесінде қоғамдық өндіріс тиімділігінің артуы баяулайды. Келесі ТҚ-ның туындауы фазасымен сәйкес келетін, аталған ТҚ-ның өмірлік циклінің қорытынды фазасында өсу қарқындарының ары қарай төмендеуі, сонымен қатар қоғамдық өндіріс тиімділігінің, әр түрлі құрылымдық арақатынастары мен пропорцияларының құбылулары қайталанады.
Жоғарыда қарастырылып өткен технологиялық дамудың күрделі ішкі құрылымына байланысты мұндай үзілуді жеңу қиынға түседі. Белгілі бір уақыт аралығы өткеннен кейін, нашар дамыған елдер үшін әлсіз бәсекелік қабілеттілікке байланысты ары қарай даму мүмкіндігі болмайды.[6, 5-7б]
Осылайша, технологиялық үзілудің сипаттамасы, тек қана бір ел деңгейінде үздіксіз дамудың қажеттілігін ғана сипаттамайды, сонымен бірге теңдестірілген ғаламдық дамудың қажеттілігін сипаттайды, және прогреске шектеулі жер ресурстарын тиімді пайдалануға байланысты маңызды фактор болып табылады. [7, 9б]
1.2 Даму сатылары бойынша инновациялық өнімді ұйымдастыру мен қаржыландыру.
Ғылыми–техникалық прогресс ғылым мен техника жетістіктерінің негізіндегі қоғамдық өндірістің барлықжақтарынүздіксіз жетілдірудің әдісі бола отырып, келесілерден тұрады:
- Жаратылыстану мен қоғамдық даму мәселелерін зерттеудің терең және қолданбалы зерттеулері.
- Зерртеу нәтижелерін ғылыми–техникалық өнертабыстар, инженерлік шешімдер мен тәжірибелік қолданысқа дейін жеткізу.
- Әрбір кәсіпорын алдында тұрған әлеуметтік және экономикалық міндеттер кешенін шешуге мүмкіндік беретін, ғылыми–техникалық өнертабыстар мен инженерлік шешімдер негізінде жаңа техниканың өндірісін ұйымдастыру.
- Техникалық құралдарды, еңбекті, өндіріс пен басқаруды ұйымдастырудың әдістері мен нысандары жетілдіру.
- Өндірісті ұйымдастыру мен жаңа және прогрессивті техника саласын кеңейту, осының негізінде барлық халық шаоуашылығын техникалық қайта жарақтандыру.
- Ғылыми–техникалық прогресті жүзеге асыру, өндіріс тиімділігін арттыру мен қоғаммен қойылған мақсаттарға қол жеткізу мақсатында ғылыми негізінде материалдық өндіріс құрылымын жетілдіру.
- Өндірістік сала мен тұрмысты техникалық қайта жарақтандыру.
Шаруащылық категория ретінде ғылыми–техникалық прогресті шартты түрде 3 сатыға бөлуге болады:
- Терең ғылыми іздеулер мен жасап шығарулар.
- Қолданбалы ғылыми зерттеулер, жобалық–конструкторлық және тәжірибелік-эксперименталды өнертабыстар.
- Ғылым мен техника жетістіктерінің негізінде өндірістік техникалық даму.
Ғылыми-техникалық прогрестің бірінші сатысында, әдетте табиғат күштері мен заңдарын пайдаланудың жаңа әдістерін жасап шығару сияқты жалпы міндет шешіледі. Жаңа ғылыми өнімді пайдаланудың уақыты мен орны белгіленбейді. Ғылыми ізденістер нәтижесінде алынған нәтижелердің өзі көбінесе оларды пайдаланудың уақыты мен орнын өздері анықтайды.
Екінші сатыда алынған ғылыми нәтижелерді жүзеге асырудың әдістері, нысандары мен орны нақтыланады. Салалық және ведомстволық ғылыми зерттеушілік институттар, зауыттық лабораториялар, инжинирингтік және венчурлық жобалық және конструкторлық ұйымдар, енгізушілік фирмалар.
- Жаңа өнім мен прогрессивті технологияға деген нарық пен кәсіпорындардың қажеттілігін анықтайды.
- Осы қажеттіліктерді қанағаттандыру бойынша нақты ғылыми ұсыныстарды жасап шығарады.
- Нақты өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдар үшін жаңа конструкциялар мен технологияларды жасап шығарудың келісімдеріне қол қояды.
- Өндіріс үшін қажетті әдістемелік және техникалық құжаттаманы келісімдер бойынша дайындайды.
- Технологияны орнатуда және жаңа бұйымдардың конструкциясын жеткізуде шефтік көмек көрсетеді.
Үшінші сатыда өндірістік кәсіпорындар ғылыми және жобалық-конструкторлық ұйымдардан алынған техникалық құжаттамалар мен жұмыс сызбалары негізінде жаң техника мен технологияны меңгеруге кіріседі, жаңа бұйымдардың сериялық және жаппай өндірісін орнатады, оны іске қосу кезінде жаңа өнімнің тұтынушыларына көмек көрсетеді.
Қолданбалы ғылыми зерттеулік жұмыстар (ҒЗЖ) бұйымның өмірлік циклі сатыларының бірі болып табылады. Олардың міндеті - келесі сұраққа жауап беру. Өнімнің жаңа түрін құру мүмкін бе және оның сипаттамалары қандай болуы керек? Қазақстанда ҒЗЖ өткізу тәртібі ГОСТ 15.101 – 98 реттеледі [5, 77б].
Жаңа бұйымдарды игеру мен шығару, жаңа техника мен технологияны қолдану, мұндай шараларды қаржыландыру мүмкіндіктері болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Инвестицияларға арналған қаржылық ресурстар кәсіпорындарда шартты түрде келесідей мақсаттарға бөлінеді:
- Жаңа өнімді иегру мен шығару;
- Техникалық қайта жарақтандыру;
- Өнідірісті кеңейту;
- Қайта құру;
Шектеу, әдетте басымды бағыттары бойынша жүргізіледі. Атап айтқанда, инвестициялар жаңа бұйымдарды шығару үшін бағытталса, өндірістің технологиясы мен ұйымдастырылуына прогрессивті өзгерістер енгізілгеніне қарамастан, инвестициялар жаңа өнімді игеруге бағытталды деп саналады, ол ғылымның алдыңғы қатарлы жетістіктерін өндіріске кешенді және тез енгізуді қамтамасыз етеді.
ҒЗЖ нәтижесі болып ғылыми, ғылыми – техникалық, экономикалық және әлеуметтік әсерлерге қол жеткізу табылады. Ғылыми әсерлер жаңа ғылыми білімдерді алумен және «ішкі ғылыми» тұтыну үшін арналған ақпараттың өсімімен сипаттайды. Ғылыми-техникалық әсерлер басқа ҒЗЖ мен ТҚЖ –ларда орындалатын зерттеулердің нәтижелерін пайдалану мүмкіндігін сипаттайды және жаңа өнімді құру үшін қажет ақпаратты алуды қамтамасыз етеді. Эконгмикалық тиім қолданбалы ҒЗЖ нәтижелерін пайдалану кезінде алынған коммерциялық әсерлерді сипаттайды. Әлеуметтік әсерлер еңбек жағдайларын жақсартуда, экономикалық сипаттамаларды арттыруда, мәдениетті денсаулықты сақтауды, ғылымды дамытуда көрінеді.
Кесте 1 - ҒЗЖ-ның ғылыми нәтижелігінің факторлары мен белгілерінің сипаттамалары
Ғылыми нәтижелік факторлары | Фактордың мәнділік коэф-ті | Фактордың сапасы | Фактордың сипаттамасы | Қол жеткізілетін деңгей коэфф-ті | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | |
Алынған нәтижелердің жаңашылдығы | 0,5 | жоғары | Жаңа нәтижелер, жаңа теория, жаңа заңдылықты ашу | 1 | |
орташа | Жаңа өнімді құруға мүмкіндік беретін кейбір жаңа заңдылықтар, әдістер, тәсілдер | 0,7 | |||
жеткіліксіз | Қарапайым жалпыламалар, факторлардың байланысын талдау негізіндегі оң шешім | 0,3 | |||
қарапайым | Жеке факторларды сипаттау, алдын ала алынған нәтижелерді тарату, рефераттық шолу | 0,1 | |||
Ғылыми өңдеудің тереңдігі | 0,35 | жоғары | Күрделі теориялық есептеулерді орындау, үлкен біршама көлемінде эксперименталды берілгендерді тексеру | 1 | |
Орташа | Есептеулердің күрделі еместігі, орт көлемінде экспер-ды берілгендерді тексеру | 0,6 | |||
Жеткліксіз | Теор-лық есептеулер қарапайым, экспер, өткізіледі | 1 | |||
Табыстылық ықтималдылығының дәрежесі | 0,15 | Үлкен | 1 | ||
Қалыпты | 0,6 | ||||
Аз | 0,1 | ||||
/Кубаев К.Е. Туреханова З.Г. Жаңа технологияларды коммерциализациялау/
Бұл жағдайда ғылыми-техникалық нәтижелік коэффиценті келесі формула бойынша анықталады:
κ
Κтр = Ε * Kвл * Кп
i=1
Мұндағы : к – бағаланатын параметрлердің саны; Kвл - i-нші параметрдің ғылыми – техникалық нәтижелікке әсер ету коэффиценті; Кп – базалық мәнмен салыстырғандағы i-нші параметрінің қатысты арту коэффиценті.
Кесте 2 – Қолданбалы ҒЗЖ ғылыми техникалық нәтижелігін бағалау
Параметр | Өлшем бірлігі | Әсер ету коэфф-і | Параметрлердің мәндері | Кпi | Квлi Кi | |
Квлi | қол жеткізілген | базалық | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Е= | ||||||
/Кубаев К.Е. Туреханова З.Г. Жаңа технологияларды коммерц-ау/ [1, 51б]
1.3 Жоғары технологияларды нарыққа енгізу механизмдері
Жоғары жаңа технологияларды нарыққа енгізу - өте күрделі, кешенді, сонымен қатар көп сатылы және мұқият жоспарланатын үрдіс. Бұл үрдіс кезінде технологияларды ғылыми зерттеу, оларды ауқымдандыру мен оңтайландыру, маркетинг, өткізу тораптарының мәселелері және тағы басқалары өз шешімін табады. Сонымен қатар өнертапқыштың басында пайда болатын идея жол бойында осы үрдіске әкімшілікті, бұқаралық ақпарат құралдарын, банкті және қосалқы өндірістерді қоса отырып, «теоретик - зерттеуші – практик-зерттеуші – технолог - өндруші-технолог – маркетолог - сатушы» тізбегі бойынша қолдан – қолға эстафета тәрізді өтуі керек. Дәл осы үрдіс өнертабыстарды енгізу немесе технологиялардың трансферті деп аталады.
Бүгінгі таңда дамыған елдерде экономикалық даму мемлекеттің белсенді қатысуы болмаған жерде экономикалық дамудың тиімді жолына алып келмейді деген түсінік қалыптасқан.Сондықтан экономикалық даму мен әл-ауқаттa мемлекеттің маңызды құраушысы болып табылатын инновациялық үрдіс айтарлықтай жеңіл өту үшін жағдайлар жасау және қолдау бойынша мемлекеттік жұмыс нарыққа инновациялық өнімдердің енуін біршама жеңілдетеді.
Дағдарыстар, экономикалық төмендеудің қаталдығы, экономикалық өсуге алып келетін жаңа терең зерттеулер саласындағы идеядан нақты тауарлық өнімге дейін өтудің барлық ұзын тізбегін егжей-тегжейлі зерттеуге серпін берді.
Соған қарамастан, сызықты модель – бұл шын мәнінде технологиялар трансфертінің барлық сатыларында интерактивті болып табылатын инновациялық үрдістің субъектілері мен объектілерінің өзара байланыстары мен өзара әсерлесудің нақты тораптарына деген қарапайым көзқарас, бірінші жақындасу. Нақты салаларда инновациялық белсенділік дамуының қарқыны мысалында экономикалық өсуді ынталандыратын инновациялардың итермелеуші күшінен басқа, кезекті инновацияны игерудің жауабы ретінде қоғамда пайда болатын сұраныстың тартушы күші маңызды рөл атқарады. Басқаша айтқанда, жаңа мүмкіндіктер қоғамды жаңа қажеттіліктерді, жаңа өнертабыстарға деген әлеуметтік тапсырысты шоғырландырады.[5, 24-27б]
Нәтижесінде инновациялық үрдіс субъектілерінің өзара әрекеттесуі 2-суретте көрсетілгеннен біршама күрделі болады. Жалпы инновациялардың туындау мен даму үрдісі қарапайым сызықты модельдің сипаттауына қарағанда күрделі және біртекті емес. Инновациялық үрдістің сатылары да біршама көп, онда келесі сатыға өту үшін біршама жеткілікті ұйымдастырушылық күш-жігерлер жұмсау қажет, бұл мәсселелермен инновацияларды соңғы өнімге дейін жеткізуді ойластыратын менеджерлер айналысады.
Сызықты модель бір бағыттағы жылжуды, яғни ақпаратты 1.1-ден 4.4-ке дейін беруді қрастырады. Дегенмен, бұл тізбекте кері байланыстар бар, олардың кейбірі 2-суретте көрсетілген.
Төмен бағыттағы сызықтар трансферттің тікелей үрдісіне келесі сатылардан алдыңғысына ақпаратты берудің кері үрдісі сәйкес келеді және мұнда ақпарпттардың кері ағымдары алдыңғысына қарағанда біршама үлкен. Жоғары бағыттағы сызықтармен белгіленген кері байланыстың тізбегі ерекше рөл атқарады: дәл соның өзі басқаларға қарағанда кезекті инновацияның туындауын ынталандырады. Осылайша, экономика мен нарық инновациялар арқылы ынталандырылады және инновациялардың өзін ынталандырады.
Технология трансферті кезінде не және қалай беріледі? Ол үшін 2-суретте келтірілген үрдістер тізбегін мұқият қарастыру қажет. Онда тек 1.1 үрдісінің ғана кері байланысы жоқ, 1.1 кезеңі – бұл жаңа құбылысты кездейсоқ ашу немесе сәттілік сатысы. Барлық басқа сатыларда ақпарат жоғарыдан төмен қарай және де төменнен жоғары қарай беріледі.
1.2 сатысындағы зерттеушілердің мүдделері – бұл тағы да бір жаңалық жасау мүмкіндігі, дегенмен бұл кездейсоқ жаңалық емес, бұл табиғаттың жаңа заңын ашу және бірінші зерттеуші атағын алу. Терең ғылымның 1.3 қайталана беретін жұмысшылары үшін 1.2 тобының теоретиктерімен байланыс бұл – сол шешуші экспериментке өтуге және жаңа заңның қалыптасуына қатысу деген үміт. Сол мүддеге 2.1 тобының қатысушылары да ұмтылады, сонымен бірге 2.2 сатысы үшін базаны дайындау, жаңа технологияны жасап шығарушыларға, яғни авторлаға айналу мүддесі итермелейді.
Жанынан «Тәжірибелік өндіріс пен технологияны енгізу» сатысынанда 1.3 тобының зерттеушілері ақпарат алады және бұл ақпарат әрқашанда белгілі бір мөлшерде ған және әр уақытта тапсырма күйінде (немесе тапсырманы қою түрінде) алады. Бұл ақпараттың мөлшерлі түрде берілуі, толық еместігі оның көзі қолданбалы ғылым саласында болғандықтан, онда бедел коммерциялық және бәсекелестік мақсаттармен және осы көзқарастар тұрғысынан ұштасады. Бұл ақпараттық мәліметке деген қызығушылық көбінесе меркантильді, потенциялы жоғары бәсекелік артықшылықтарға ие болумен байланысты.
2.4 сатысы 2.3 сатысымен тығыз байланысты жүргізіледі. Атап айтқанда, бұл байланысты зерттеулер: жаңа технология бойынша дайындалған өнімнің тәжірибелік үлгілерінің мәліметтері зерттелетін технологияны түзеу үшін (2.3 сатысы), сонымен қатар технологиялардың жаңа нұсқауларын іздеу үшін (2.2 сатысы) қолданылады. Кейбір жағдайларында 2.4 сатысынада алынған ақпарат терең зерттеулер блогының теоретиктерніе (1.2 сатысы) және экспериментаторларына (1.2 сатысы) және экспериментаторларына (1.3 сатысы) көмектесуі мүмкін. Бірақ та мұнда ақпаратты тізбек бойынша жоғары қарай берген кезде (басқа топтарға) ынтаны бәсекелес командылардың алып алу қаупі пайда болады, сондықтан да маңызды жағдайларда бір – мақсатпен ақпаратты фирма шегінен шығармау үшін, 1.3 сатысы бойынша арнайы жұмыстарды өткізу үшін басшылық өзінде терең зерттеулер тобын таза қолданбалы (тіпті технологиялық) түрде ұйымдастыруы мүмкін.
Сонымен соңғықолданушы табылса да, табылмаса да 2.4 сатысының қолданбалы зертеушілік үрдісіті басқаруды өз қолынан жібереді. Зертеудің мақсатты шарттарының 3.1 сатысында технологияның экономикалық сипаттамалар жағына және қатар жүретін технологиялық үрдістер, құраушы бұйымдар, бәсекелік өнімдер жағына қарай жалпы түрде нарықтық талаптар жағына мүдделердің жылжуы бірнеше басқа менталитеті бар орындаушыларды тартуды талап етеді: білімнің аздығы, технологияның көп болуы және қайталанатын өндірістік еңбектің көптігі осыған себепкер болып келеді.
Осылайша, мұнда технология трансфері конфликтсіз түрде өтеді және ол мұнда жабық ортада өткізіледі: берілетін ақпаратты ақпарат көзі тікелей түрде алып келеді немесе талап етілетін құрал-жабдықпен құраушылаға қандай да бір ішкі техникалық құжаттамамен келеді, фирма ішіндегі персоналды оқытудан басқа (егер де ол қажет болса) ешқандай ашық басылымдар мен баяндамаларды шығаруға жол бермейді.
Инновациялық технологияның туындауы мен коммерциализациясының негізгі тізьегі бойынша «жаңа білімдерді» технологияларды беру эстафетасына» қорытынды жасай отырып, келесідей тұжырымдар жасауға болады:
- Жаңа технологияның туындау үрдісінде орындаушылар құрамы үш реттен кем емесі ауыстырылуы керек (терең ғылым қолданбалы ғылым – тәжірибелік өндіріс пен технологияны оңтайландыру - өнеркәсіптік өндіріс.) Кейбір инновациялар үшін мұндай ауыстырудың саны аз болуы мүмкін, себебі жұмыс жүрмей қалуы мүмкін.
- Өмірлік цикл бойында командалары толығымен ауыстырудан басқа орындаушыларды біртіндеп ауыстыру орын алады, онда жасап шығарушылар тобына жаңа қатысушылар қосылады. Мұндай біртіндеп ауыстыру толық ауыстыруға қарағанда жеңіл өтеді.
- Команданың толық ауысымы кезінде ақпаратты берудің көлемі, сандық құрамы мен беру үрдісі ауыстырулардың 1-пунктінде аталған үш ауысым үшін әр түрлі.
- Жаңа технология түйіннің пайда болуы 1.2-ден 4.4 ке дейінгі тізбектің кез келген сатысында байқалуы мүмкін.
- 2-суретте берілген оқиғалардың негізгі тізбегі оқиғалар дамуының жалғыз мүмкін нұсқауы ғана болып қалмайды, бұл тек трансфердің негізгі қаңқасы, оның айналасында түрлі тармақтанулар және ақпараттық айырбас ағымдарының түйіншіктері қалыптасады. [4, 19б]
- ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ДАМУ ФАКТОРЛАРЫН БАҒАЛАУ
2.1 Бәсекеге қабілеттілікті арттырудың инновациялық факторлары
Шаруашылықтың қазіргі әлемдік жүйесі ресурстардың алғашқы түрлерінің шектеулігіне байланысты оларды тиімді қолдануға деген қажеттіліктердің тереңдеуімен сипатталып отыр. Ресурстарды тиімді қолдану ұлттық экономиканың әр-түрлі секторлары мен құрылымдық деңгейлерінде инновациялық процесстермен іске аспақ. Қазақстан Республикасының халықаралық еңбек бөлінісінің жүйесіне енуі мен жаһанды бәсекенің қысымына төтеп бере алу мүмкіншіліктері инновациялық шараларды дұрыс ұйымдастырып, оны іске асыра білуіне байланысты. Олай болмаған жағдайда бәсекеге қабілеттеліктің барлық деңгейлерінде: тауарлық, фирмалық, салалық және мемлекеттік ауқымда олар қосымша құны жоғары бәсекелік артықшылықтары бар өнім өндіруде көптеген кедергілерге соқтығады.[9]
Елбасы Н.Назарбаевтың 2004 ж. Қазақстан халқына жолдауында инновациялық дамудың, яғни ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыруға бағытталған жаңа экономикалық саясаты белгіленген. Республикамыздың 2003-2015 жж. Индустриялды-инновациялық дамуы стратегиясының басты мақсаты тұрақты өсім траекториясына шикізаттық бағыттан сервистік-технологиялық экономикаға көшуіру мақсатында өндіріс салаларын диверсификациялауға негізделген. Яғни бұл мәселелерге ұлттық ауқымда көңіл бөліне бастады. «Үшінші мыңжылдықтағы ғылым» айдарымен өткен халықаралық конференцияда Елбасы: «Жаңа жүзжылдықтағы тұрақты даму стратегиясы отандық ғылым жетістіктеріне ресурстарды үнемдейтін және экологиялық таза технологиялар негізінде ғылыми сиымдылығы жоғары және бәсекеге қаблетті өнім өндіруге байланысты екендігі күмәнсіз», деп атап өтті. Жетілген экономика деп жаңа, әрі күрделі салаларда бәсекеге түсе алатын экономиканы атайды, ал бұндай жетістіктерге тек инновациялық қарқынмен ғана қол жеткізуге болады.
«Инновация» ұғымы ағылшынның «innovation» сөзімен ұғымдас және жаңалықтар енгізу деген мағынаны білдіреді. Бұл терминге Оксфордтың түсіндірме сөздігінде төмендегіше ауқымды мағына берілген: «Конструкциялаудың, тауар өндірісі немесе оны өткізудің кез-келген жаңаша әдісі, бұны енгізген инноватор немесе компания қандай да бір бәсекелік артықшылыққа ие болады. Патенттерді қолдана отырып табысқа қол жеткізген инноватор уақытша монополист болғаны мен, қандай да бір мерзімнен кейін бәсекелестер де табысты нарыққа кірудің әдісін табады. Кейбір компаниялар өнімнің жаңаша түрін қалыптасқан сұранымға қарай бейімдесе, басқалары жаңа нарықтар құрай алатын технологиялық жаңалықтар енгізіп отырады».
Егер қандай да бір салада бір өнімді басқа өнім тез алмастырып отырса, онда фирмалар өзінің техникалық артықшылықтарын сақтап қалып, өз өнімдерін бәсекелестерге қарағанда шапшаң енгізу үшін ҒЗТКЖ-на көп уақыт пен қаржы жұмсап отыруы тиіс, яғни инновациялық стратегияларды ұстанып отыру фирмалардың нарықтағы өміршеңдігін анықтайды. Сонымен қатар салалығы тәжірибе қисығы қиғаш болса, жаңа өнімді ең алғаш енгізіп, басым нарықтық үлеске қол жеткізген фирмалар өндіріс шығындарын төмендетуге негізделген бәсекелік артықшылықтарды да қолдана алады.
Ноу-хау мен технологиялардың ақпараттық тұйықтығы саладағы бәсеке интенсивтілігіне ықпал ете алатын мықты фактор болып саналады. Ерекше технологияларға патенттер мен біліктілгі жоғарғы деңгейдегі персоналдың болуы салаға жаңадан енгісі келетін және басқа да бәсекелестерге мықты тосқауыл бола алады. Әр фирма ерекше бәсекелі артықшылықтар беріп отырған технологиясын қорғап отырандықтан, бпақталастардың мүмкіндіктері техникалық деңгейі жағынан бәрібір толыққанды бәсекеге түсе алмайды.[8]
Технологиялық инновацияларға өндірістік аяда нң алғаш рет зерттеу жүргізген ғалым Й. Шумпетер еді. Ол өзінің «іскерлік белсенділік циклдері» ілімінде экономикалық дамудың қозғаушысы кәсіпкердің инновациялық әрекеттері деп көрсетті. Яғни кәсіпкер экономика мен экономикалық өсімнің бәсекелік тұрғыдағы құрылымдық өзгерісінің қайнар көзі. Жалпы инновацияларды өнім өндірудіңкез-келген кезеңінде енгізуге болады. Инновациялық өзгерістер технологиялық процесстерден басқа жабдықтар мен құралдардың жаңаша түрлерін енгізу мен тұтынушыларға тауарды сатуға дейін және сатудан кейін қызметтің ерекше, жаңашыл түрін көрсете отырып, дифференциацияланған бәсекелік артықшылықтарға қол жеткізудің басты шарты.
Инновацияларды шартты түрде екі деңгейде қарастыруға болады:
- Өндіріске алғаш рет енгізіліп отырған жаңалықтар, идеялар – ал бұларды енгізіп отырған инноваторлар жоғарғы деңгейдегі бәсекелік артықшылықтарға қол жеткізе алады.
- Имитатор – фирмалар енгізіп отырған қайталанбалы ноу-хау немесе жаңалықтар.
Бірінші деңгейдегі инновациялар мекемелердің барлығында жаппай қолданыс таба алмауы ықтимал. Екіншісі қатаң бәсеке талаптарына төтеп бергісі келетін фирмаларда қолданыс табуы керек.
Қазіргі кезде экономикалық байланыстармен қатар ақпараттар мен технологиялардың да жаһандық сипатқа ие болуы ішкі нарықтағы бәсеке мен халықаралық бәсекеге де сәйкесінше өзгерістер енгізіп отыр. Мұны төмендегі тенденциялардан байқауға болады:
- Бір текті өнім ұсынып отырған жабдықтаушылар сыбайлас мекемелермен өндірістік байланыстарын нығайта отырып, шығындарын барынша азйтуға ұмтылысы;
- Меемелдің бәсекеге қабілеттілігін көтеру мақсатында тік интеграция жүргізе отырып, құндылықтар шынжырын жетілдіруі;
- Нарықтағы бәсеке интенсивтілігнің күшеюіне байланысты өз фирмаларының мүдделерін қорғауға бағытталған стратегиялық альянстардың және диверсификация негізінде құрылған конгломерантардың көбеюі.
Бізідің пікірімізше, ұлттық экономикадағы инновациялық белсенділік ғана өнер кәсіптің жетекші факторы бола алады. Бұл мәселе жөнінде ресейлік экономистердің дұрыс пайымдауынша «ресейлік экономиканың бәсекеге қабілеттілігнің көп факторлы мәселелері жаңа жақты бағытта қарастырылуы тиіс. Бұл факторлардың ішінде жетекші орында инновациялық факторлар тұр, өйткені дәл осы факторлардың ықпалымен экономиканы құрылымдық түрде өзгертуге болады.
Мемлекеттің экономикалық жағдайы мен экономикалық өсімінің мықты көрсеткіші алғы шарттарын алдыңғы технология мен инновацияның, жұмыскерлердің кәсіпқойлығының артуы қамтиды. Бірақ бұл процесс мемлекетімізде инновациялық әлеуеттің болуына қарамастан нарық субъектілері тарапынан толық қолданыс таппай отыр. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай ұлттық ресурстарды стратегиялық бағытта қолдану бәсекелі ортаны қалыптастырып, фирма қызметінің тиімділігін арттыруға, инновациялық белсенділігін жеделдетуге және олардың ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігн арттыра отырып, мемлекеттің инновациялық бағыттағы тұрақты өсімін анықтай алады. Республикамызда инновациялық белсенділігін арттыруға кедергі болып отырған негізгі факторларға келесілерді жатқызуға болады: бюджеттік қаржыландырудың жеткіліксіздігі, банктердің несиелік мөлшерлемелерінің жоғарылығы, тапсырыс берушілердің төлем қабілетсіздігі сияқты макроэкономикалық факторлар. Салық кодексіндегі кемшіліктер кіші бизнестің дамуының басты кемшіліктерінің бірі болып, инновациялық процесстердің де тежеішіне айналуда. Оған қоса Қазақстанның экономикалық дамуы мен өндірістік қуатының артуына байланысты шет елдік бәсекелестер де өздерінің инновациялық өнімдерін әлемдік нарыққа, оның ішінде біздің елімізге экспорттауда контрстратегияларын күшейтіп отыр.
Соңғы кездері ҚР статистика агенттігінің ақпараттық-талдау мәліметтері бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерге бөлінетін мемлекеттік бюджет қаржыларының көлемі артып келеді
2004 ж. Мемлекетімізде ғылыми зерттеу және өңдеу жұмыстары 295 ғылыми ұйымдар да жүргізіліп, орындалған ғылыми-техникалық жұмыстардың көлемі 18,5 млрд. теңгені құрады.
Кесте 3 – Жиынтық ішкі өнімге шаққандағы ғылыми – зерттеу жұмыстары мен өңдеулердің үлесі, (%)
1999 | 2000 | 2001 | 2002 | 2005 | 2008 | |
Жиынтық ішкі өнім млрд.тг | 2016,5 | 2599,9 | 3250,6 | 3776,3 | 4612 | 5542,5 |
Мемлекттік бюджеттің іргелі ғылыми зерттеулерге жұмсағ. шығындары, млрд.тг | 2,2 | 1,5 | 2,3 | 2,7 | 2,9 | 3,6 |
ЖІӨ-ге шаққандағы іргелі ғылыми зерртеулерге жұмсалған шығындар үлесі | 0,11 | 0,06 | 0,07 | 0,07 | 0,06 | 0,06 |
Ғылыми-техникалық жұмыстардың көлемі млрд.тг | 4,9 | 6,1 | 9,2 | 13,8 | 14,4 | 18,5 |
Орындалған ғылыми-техникалық жұмытардың ЖІӨ-ге щақандағы үлесі | 0,24 | 0,23 | 0,28 | 0,37 | 0,31 | 0,33 |
/Дәулетова А.М. ҚР 2003-2015 жж. Индустриалды-инновациялық дамуының стратегиясы. Астана, 2008./
Кесте 4 – Республикалық инновациялық қызметтердің негізгі көр сеткіштері
2008ж | |
Респонденттердің саны | 7212 |
Оның ішінде: | |
Аяқталған инновациялары барлары | 148 |
Инновациялық белсенділік деңгейі % | 2,1 |
Ғылыми-зерттеу, жобалы конструкторлық бөлімдердің саны | 363 |
Оның ішінде: | |
Жұмыскерлердің тізімі, адам саны | 6721 |
Бүкіл инновациялық өнімдердің көлемі, млн.тг | 65020,3 |
Оның ішінде: | |
Жаңадан енгізілген немесе маңызды технологиялық өзгерістерге ұшыраған өнімдер | 8517,7 |
Көрсетілген барлық инновациялық қызметтер, млн.тг | 4380,9 |
өнеркәсіп және қызмет аясындағы мекемелрдің технологиялық инновацияларға жұмсаған барлық шығындары, млн.тг | 26933,1 |
/Дәулетова А.М. ҚР 2003-2015 жж. Индустриалды-инновациялық дамуының стратегиясы. Астана, 2008./
Жалпы технологиялық инновацияларға жұмсалған барлық шығындар – 26933,1 млн.тг құрап, оның ішінде инновациялық жобаларды инвестициялауға жұмсалған мекемелердің қаржылары – 95,8 % республикалық бюджеттен – 0,1%, шет елдік қаржылар – 0,9% және басқалары – 1,6%-дан тұрады.
Республикамыздың нарықтық қатынасты даму жолындағы ұлттық экономикамыздың стратегиялық маңызы бар өзекті мәселелеріне отандық ғылыми сыйымды өндірістер мен дамушы салаларды дамыту, бәсекеге қабілетті өнім шығаруға негізделген және мемлекетіміздің ғылыми-техникалық, өндірістік әлеуетін сақтау мен дамыту арқылы ұлттық бәсекеге қабілеттілік пен экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
[8, 37б]
2.2 Инновациялық жобадағы инвестицялардың тәуекелдерін анықтау
Инновациялық жобаның экономикалық тиімділігін негіздеудің басты критерииі оның табыстылығы болып саналады. Сонымен қатар инновациялық өнімнің әлеуметтік-экономикалық ортаға әкелген әсері мен пайдалылыға да аса маңызды. Табыстылық жобаны іске асыруға кеткен шығындар мен алынған нәтижелерді салыстыру жолымен анықталады, ал пайдалық кең кең ауқымды ұғым болғандықтан, жалпы айтқанда, әлеуметтік-экономикалық ортаға әкелген әсері мен пайдасы арқылы өлшенеді. Шаруашылық етудің рыноктық жағдайында шығындар да, алынған нәтижелер да уақыт сүзгісінен өтеді, яғни бұл қаражаттар инфляция мен бәсекелестік әсер ететін жыл сайынғы бағалар деңгейінің өзгеріс ықпалында болады. Сол себепті жобалардыңтабыстылығы рыноктықфакторлар әсеріне қарай өзгеріп, бастапқы уақыт кезегінде алынған нәтижелердің құндылығына қарай дисконттау жолымен есептеледі. Осындай еспетеулердің нәтижесінде таза дисконтталған табыс (ТДТ) анықталып, ол барлық келесі нақты инновациялық жобалардың экономикалық тиімділігін негіздеу үшін негіз болып қабылданады. Тдт көлемі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым жоба табысты болады.
Осы мәселеде жаңа өнімнің тәуекелдері мен коммерциялық тиімділігн ашып көрсету мақсатында химия-металлургия саласындағы отандық ғылыми сыйымды өнім мысалға алынады.
Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау, импортты алмастыру мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Ж. Әбішев атындағы Қарағанды химия-металлургиялық институттың қызметкерлерінің соңғы жаңа, терең зерттеулерінің нәтижесіне негізделе отырып, әлемдік тәжірибеде аналогтары жоқ ғылыми сыйымды технология жасап шығарылды және жаңа кешендік құйманы шығару өндірісі жолға қойылды. Павлодар облысындағы Екібастұз қаласындағы техногендік қалдықтардан ферросиликоалюминий (ФСА) құймасын жасау технологиясы әлемде бірінші рет ойлап табылды. Бұл ғылыми жаңалық ТМД елдерінің ғылыми қауымдастығының кең қолдауына ие болуымен қатар тәжірибеде өз пайдасын келтірді. Ж.Әбішев атындағы қарағанды химия-метталлургиялық институттың қызметкерлері осы жаңа технология үшін Қазақстан Республикасының 2001 жылғы ғылым, техника мен білім саласындағы Мемлекеттік жоғары сыйлықпен марапатталды. Осыны растау үшін жобаны жүзеге асыруға кеткен шығындар мен оның қайтарымының көрсеткіштері инновациялық үрдіс кезеңдері бойынша 2-кестеде берілген.
Кесте 5 - Ғылыми сыйымды жобаның ақшалай ағымдары - өнім өндірісі
жылдар | t-уақыт | Инновациялық кезең | Инвестициялар мен табыс, мың тг |
1 | 2 | 3 | 4 |
1992 | 0 | ҒЗЖ | -3269,2 |
1993 | 1 | ҒЗЖ | |
1994 | 2 | ҒЗЖ | |
1995 | 3 | ТКЖ мен тәжірибелі үлгі | -6756,1 |
1996 | 4 | ТКЖ мен тәжірибелі үлгі | |
1997 | 5 | Іске қосу мен өндіріке енгізу | -11982,4 |
1998 | 6 | Өндіру мен табыс алу | 2401,35 |
2000 | 7 | Өндіру мен табыс алу | 14781,9 |
2002 | 8 | Өндіру мен табыс алу | 21839,44 |
2004 | 9 | Өндіру мен табыс алу | 24542,56 |
2006 | 10 | Өндіру мен табыс алу | 37999,42 |
2008 | 11 | Өндіру мен табыс алу | 79798,78 |
/Кубаев К.Е. Туреханова З.Г. Жаңа технологияларды коммерциализациялау/
Тәуекел коэффицентінің (Кт) көрсеткіші – табыстың ықтималды сипаттамаларымен салыстырмалы түрде арақатынасын көрсететін көрсеткіш. Көрсеткіш неғұрлым жоғары болған сайын инновациялық жобаға салынған инвестициялар соғұрлым тиімдірек болады. Инновациялық бағыттарды бағалаудың мәні мүмкін болатын табысты алу үшін қажетті капиталды құраушы инвестицияларды анықтауда жатыр. Техникалық-экономикалық негіздеу үрдісінде жобалық шығындар мен табыстың сомасы дайын өнімді сатуды болжамды сипаттамаларына сәйкес нақты анықталады. Бұл жағдайдағы кәсіпкерлак тәуекелдің мәні жобалданатын инвестицияларды жоғалтуда жатса, ал жоспарланатын табысты алудың мәні тәуекел үшін сыйақы алуда жатады. Сәйкесінше, кәсіпорын басшылығы жоспарланған табысты алу үшін инвестицияланған қаражаттарды тәуекелге байлап, барлық салынған ақша-қаражаттарды жоғалту тәуекеліне түсуге дайын деген сөз. Осылайша, Кт интегралды көрсеткіші мүмкін болатын тәуекелді инвестициялар үшін басшылық қандай жоспарланатын сомалық табыс алатындығын анықтайды. Мысалы, егер де көрсеткіш 15-ке тең болса, бұл жоба бойынша мүмкін 1 тәуекелді теңге 15 теңге көлемінде табыс әкелетіндегін білдіреді. «Мүмкін болатын жоғалған» термині егер де кәсіпкер жобаға инвестиция салыуға дайын болса, онда ол инвестицияланатын қаражаттардың мүмкін болатын жоғалтуына дайын екендігін білдіреді. Көпфакторлы бағалау үшін NPV, Кжш, Тижт, Кқа көрсеткіштерінің және Кт интегралды көрсеткішінің мәндерін біздің инновациялық сыймды жобаға қатысты қолдануға болады. [5, 132б].
2.3 ҚР кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы инновациялық жобаны жаңғырту
Біз халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілетті өнімдерді шығара аламыз және шығарып та жатырмыз. Еліміздің индустриалды-инновациялық даму стратегиясы ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін енгізу және пайдалану арқылы облыс экономикасын дамыту үшін қажетті жағдайлар мен ыңғайлы ортаны құруды, өңірде инновациялық қызметті қалыптастыруды және қолдауды, ғылыми сыйымды және ресурс сақтаушы өндірістерді құруға ықпал етуді көздейді. «Ютекс» АҚ-ның соммасы 5 млн. АҚШ долл. «Мақта талшығынан иірімжіптер шығару өндірісі» жобасын «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ы қаржыландырды. Жобаны іске асыру 340 мың комплект трикотаждық іш киім өндіре отырып, ішкі нарықты жоғары сапалы өніммен қамтамасыз ету мақсатында етеді. «Меланж» АҚ 2005 жылы иіру, тігін және бояу-әзірлеу өндірісін қайта жаңғырту жұмыстарын аяқтап, «Райтер» (Германия), «Беннингер» (Швейцария), «Циммер» (Австрия) сияқты еуропадағы алдыңғы қатарлы тоқыма машиналарын жасайтын компанияларының жоғарғы технологиялы жабдықтары орнатылып, әрекеттегі өндіріс қуаттары жаңартылды. Европадағы алдыңғы қатарлы компанияларының заманауи құрал-жабдықтарын орнатқан «Альянс Казахский Русский Текстиль» ЖШС кәсіпорны іске қосылды. Түлкібас ауылында «Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ-мен қаржыландырған құны 1394,2 млн. теңгені құрайтын, «ЭкоПродуктГрупп» АҚ жемісконсервлеу зауытын қайта жаңғырту жобасын енгізілді. Жеміс-жидектер мен көкөністерді өңдейтін италиян линиясы орнатылды. Өндірісті қайта жаңғырту жылына 9 млн. банка шығаруға мүмкіндік береді. Республикада бірінші рет «KazHiTechEuroBuilding» ЖШС тұрғын үйдің арзан құрылысы үшін алынбайтын қалып жүйесінің технологиясы бойынша полистирол өндіру технологиясы қолданылды. Осы технологияның негізінде арнайы құрылыс пенополистеролын қабырғалық блок қалыпы ретінде қолдану. Кәсіпорында қуаттылығы сағатына 60 бұйым өндіретін жоғары технологиялық германиялық құрал жабдық орнатылған. «Казатомөнеркәсіп» ұлттық компанияның аффинажды зауыты ойдағыдай жұмыс істеуде. Оны іске қосылуы экспорттық өнім түрі уран закис окис өндіруге және технология бойынша осы саланың барлық соңғы жетістіктерін өзіне жинап алды.
2008 жылы мына жұмыстар орындалды: «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-мен кәсіпорынды жаңғырту жобасы әзірленді. Жоба бойынша капитал салымы шамамен 450 млн. АҚШ долларды құрайды. Жоба 3 жылға жоспарланған - 2008-2010 жылдар. Жоба мақсаты ақшыл түсті мұнай өнімдерін шығаруды 89%-ға дейін ұлғайту, Евро-3 стандарты бойынша мұнай өнімдерінің сапасын жоғарлату болып табылады. Қазіргі уақытта, Шығыс Қытай мұнай және газды жобалау-зерттеу институтымен және Пекин мұнай өңдеу ғылыми-зерттеу институтымен жасалған жаңғырту жобаларына келісу жұмыстары жүргізілуде. «Химфарм» АҚ-ы әлемдегі ежелден жұмыс істейтін фармацевтикалық кәсіпорындарының бірі. Кәсіпорында әрекеттегі өнімдерінің номенклатурасын өндіріс өнімділігі 300-400% өнімдерімен ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Принципиалды жаңа өнім өндірісін игеру бойынша жоба әзірленіп, жүзеге асырылуда. Сондай-ақ әрекеттегі өндіріс номенклатурасын кеңейту жұмыстары жүргізілуде. «Кентау трансформатор зауыты» АҚ-ы 2008 жылы «ТӘБ ОРИКС Лизинг» АҚ-мен өндірісті жаңғырту бойынша жобасын аяқтауда:
- герметикалық, майлы трансформаторлар өндірісіне қажетті бүктесін-қабырғаларын шығаратын линиясын іске қосу; - цехтарды жаңғырту және жаңа құрал-жабдықтарды алу. Сондай-ақ, инвестициялық жобалардың инициаторлары болған кәсіпорындары даму институттарымен бірлесе жұмыс жүргізуде. Даму институттарынан қаржыландыру үшін облыстан 84 инвестициялық жобалар қарауға жіберілді. Оның ішінде, 10 жоба - қаржыландырылған және қаржыландырылуда. Индустриалды-инновациялық стратегияны дамытуды іске асыру шеңберінде «Өңірлік технопаркті» құру шаралары жүзеге асырылуда.[Қосымша 1] Технопарк қызметінің негізгі мақсаты - инновациялық инфрақұрылымды және ғылымисыйымды өндіріс, трансфертті технологиялар дамытуға ықпал ету.[8] Инновациялық дамуымыздың қозғаушы күші ретінде елімізде құрылған технопарктер таңдап алынды. Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму стратегиясы 2003 жылы қабылданды. Оның негізі болып инновациялық жүйе танылды. Бұл жүйе үш негізгі бөліктен тұрады. Біріншісі – жоғары оқу орындары, инноваторлар. Екіншісі – технопарктердің қызметін қадағалайтын инжиниринг және технология трансферті орталығы секілді инновациялық инфрақұрылымдар. Және үшінші құрам – жобаларды қаржыландыратын ұлттық инновациялық қор, ғылым қоры секілді ұйымдар. Өкінішке қарай, 2005 жылы инфрақұрылымға жауап беретін технопарктер мен ұлттық инновациялық қорды қосып жіберу арқылы қателік кетті. Технопарктер, ең алдымен, жобаны жүзеге асыруға, жобалардың пайда болуына, оларды қолдауға ықпал етеді. Ал ұлттық инновациялық қор жобаны қаржыландырумен айналысуы тиіс.Технопарктердің құрамында міндетті түрде жоғары оқу орындары болуы керек. Еліміздегі оқу орындарының потенциалы теориялық ілімнен әрі аспай жатыр. Егер технопарктер университеттермен тығыз байланыста болса, студенттер мен оқытушылардың идеясының өндіріске жетуі жылдамдайды. Оқу орны мұндай модельден ұтпаса, ұтылмайды. Егер мемлекет тарапынан тапсырыс кеп түссе, технопарктегі инновациялық компаниялар бірнеше студентті жобаға қатыстыруға міндетті. Жұмысы үшін студент айлық алады. Университет мамандары мен студенттері ұсынған жоба өндіріске енгізуге тиімді болса, коммерцияланған жобасынан пайыздық сыйақы түрінде табыс табады. Жоғары оқу орындары мен технопарктерді біріктірсек, студенттердің оқуға деген ынтасы да күшейер еді. 2007 жылдың 28 қыркүйегінде «Казына» ОДҚ АҚ «ОҚО үшін ашық есік күнін» ұйымдастырып, оған «серпінді» инвестициялық жобалардың инициаторы болған облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары қатысты.Қазіргі таңда, республикалық тізбеге қосу және қаржыландыру үшін облыста 13 «серпінді» инвестициялық жоба іріктеліп, «Казына» Орнықты Даму Қоры» АҚ-на жолданды. «Серпінді» жобаларды бекіту жөніндегі республикалық жоспарға Оңтүстік Қазақстан облысынан «Южполиметалл» ӨК» АҚ, «Орта Азия Санаи» ЖШС мен «Ордабасы» корпорациясы» АҚ-ның- 3 жобалары кірді. «Ордабасы» корпорациясы» АҚ-ның - «А» классты шина шығаратын жаңа зауыт құрылысы алғашқыда Шымкент қаласында құру жоспарланып, кейінен Астана қаласына көшірілді.
АЭА дамыту бойынша Кеңес 3 инвестициялық жобаны АЭА аумағында іске асыруға мақұлдады: «Хлопкопром-целлюлоза» ЖШС, «Каздемиртекстиль» ЖШС, «Oxy Textile» ЖШС. «Хлопкопром-целлюлоза» ЖШС (Қазақстан). Негізгі қызмет түрі: целлюлоза, медициналық бұйымдар және мықты қағаз өндірісі, қуаттылығы – жылына 10 мың тонна мақта өнімдері. Инвестиция көлемі – 29 млн. АҚШ долл. «Каздемиртекстиль» ЖШС (Түркия). Негізгі қызмет түрі: иірімжіптен бастап махер бұйымдар өндірісі, қуаттылығы – жылына 10 мың тонна мақта талшықтары. Инвестиция көлемі – 60 млн. АҚШ долл.
«Oxy Textile» ЖШС (Қазақстан). Негізгі қызмет түрі: тармақтық және кардтық иірімжіп өндірісі, қуаттылығы – жылына 7,5 мың тонна мақта талшығын өндіру. Инвестиция көлемі – 28 млн. АҚШ долл. Сондай-ақ, Дирекция қарауына келесідей компаниялардың инвестициялық жобалары ұсынылған: «Текстиль-М» ЖШС (Швейцария) – иірімжіптен United Colors of Benetton маркалы киім өндірісіне дейін толық циклді құрайтын жоба, инвестиция көлемі - 150 млн. евро астам, «Орта Азия Текстиль Санаи» ЖШС (Швейрация) иірімжіптен бастап киім, трикотаж және тоқыма өндірісіне дейін, инвестиция көлемі - 116 млн. АҚШ доллары және «ТекстайлГруппКZ» ЖШС (Қазақстан).[11] Қазақстанның индустриалдық-инновациялық және аймақтық даму стратегияларына сәйкес экономиканың ұлттық-шаруашылық жүйеге бірігуі үшін Өңірлерде Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құрылған. Корпорацияның алға қойған мақсаттарының бірі, ол мемлекет және жеке сектордың көштерін шоғырландырып, кәсіпкерлікті дамыту, бірлескен жобаларды іске асыру, сонымен қатар жаңа технологияларды енгізу арқылы қызметтерін оңалту, соның нәтижесінде бәсекеге қабілетті өндірістерді құру. Сондықтан бизнес-жобалардың базасы қалыптастырылып, оларды іске асыру үшін жағдайлар жасалынады. Бұл ретте экономиканың жеке және мемлекеттік секторларының бастамаларына қолдау теңгерімді көрсетіліп, бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін корпорацияның меншікті, шетелдік және отандық жеке капиталдары тартылып, жоба корпорацияның қатысуымен жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ негізгі бағыттардың біріне инновациялық орталықты құру жатады, бұл – ғылым мен өндірісті ұштастырып, ғылыми жетістіктерді және дүние жөзіндегі жоғарғы технологияларды барынша дамытып, өндірістің бәсекелестік қабілетін көтеру. Бүгінгі таңда халықтың Әлеуметтік жағдайы көтерілгені бәрімізге айқын және осыған байланысты сұраныс талабы да көшеюде. Мысалы, «қазақтелеком» 2007 жылдың аяғында Шымкент қаласы тұрғындарына 2500-ден астам сымтетік орнатты. Бірақ мүмкіншіліктері шектеулі болуына байланысты әлі де тұрғындардың сұраныстарын толық шеше алмай тұр. Сол себепті Корпорация осы тетікті толтыру мақсатында жаңа «Wi-Fi» технологиясын ендіруге дайын отыр. Бұл технологияның артықшылығы бағана қойып, сым тартып әуре болмастан, биік ғимараттардың (үйлер, мектептер, кәсіптік, жоғарғы және орта оқу орындары, үйымдар және т.б.) төбелеріне антенна орнатып, тұтынушыларды сымтетікпен және интернетпен қамтамасыз ету. Осы бірлескен жобаны іске асыру үшін «Бителтелеком» ЖШС өз тарапынан 1,5 млн. АҚШ долларын құймақшы. Жүзеге асырыла басталған жобалардың бірі - “Оңтүстік-Агро” агроөнеркәсіптік кешенін құру шеңберінде Шымкент қаласында аэропорт маңынан бөкіл инфрақұрылымымен бірге ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, дайындау, қайта өңдеу және сату бойынша дайындау-сервистік пункттері желілері қоса қамтылған “Оңтүстік” сауда орталығы тек мұздатқыш, таразықа тарту, қойма және көтерме сауда орындарымен ғана шектелмей, лаборатория және т.б. сервистік объектілерді қамтиды және кешен қазіргі заман талабына сәйкестендіріліп істелетін болады. Бұл жобаны іске асыру нәтижесінде халық сапалы ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етіліп, ал шаруаларға өз өнімдерін өткізуге жағдай жасалынады. Және бұл жоба халыққа тұрмыс қажетін өтеуге қызмет жасауға жағдай жасап қоймай, сондай-ақ бағаны тұрақтандыруға да әсерін тигізетін болады. Осылайша, “Оңтүстік” Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация» ұлттық Компаниясы жаңа бәсекеге қабілетті өндірістерді құруға, жұмыс орындарын көбейтуге, кәсіпорындардың өнімділігін арттыруға, экспортқа бағдарланған отандық өнімдерді жоғарғы бағамен өткізуге, тиімсіз кәсіпорындардың санын азайтуға, кәсіпкерлердің бәсекеге қабілетті өнімдерін арттыруға жағдай жасап, Өңірге инвестицияны тарту мен инновацияларды енгізу үшін қолайлы ортаны қалыптастыратын болады. Индустриалды-инновациялық даму стратегиясы аясындағы тағы бір жоба сәтті аяқталды. Мамандар Орал жылу қуат орталығындағы жаңа газ турбина станцияның құрылысы аяқталғанын хабарлады. Қондырғы алғашқы сынақтан да сәтті өтіп отыр. Енді Батыс Қазақстан облысы электр қуатын сырттан сатып алмайтын болады. Одан басқа Орал қаласына ыстық су мен жылу беру қызметі жақсарады. Өйткені Қарашығанақтағы неміс технологиясы бойынша салынған станция сияқты емес, жаңа жапондық қондырғы электр қуатына қоса жылу да береді. Қала әкімінің орынбасары Тимур Қарағойшинның айтуынша маусымның 25-інде газ турбина станциясына алғашқы сынақ жасалып, ол сәтті өткен. Аса күрделі жұмыс процестері атқарылатын ГТҚ-ға әлі де әлденеше сынақ жүргізілуі тиіс. Ол содан кейін ғана шамамен күзде, қыркүйек айында іске қосылады деп жоспарланып отыр. Мұндай қондырғы бұрынғы одақтас, қазіргі тәуелсіз мемлекеттердің ешқайсында жоқ. Станцияның қуаты 28 мегаВатт. Жапондық «Тохоку Электрик Пауэр» компаниясы энергетикалық құрал-жабдықты, оның ішінде газ турбиналы қондырғы, қазан-утилизатор, өзге қосалқы жабдықтарды әкелді. Құрылыстың бас мердігері екібастұздық «Казюгозападпромстрой» ЖШС мен арнайы шақыртылған ресейлік «Сибтехэнергия» фирмасының мамандары құрылыс-монтаждау жұмыстарын бірлесіп жүргізуде. Жергілікті қосалқы мердігерлер де жұмысқа тартылды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының кешігуінен аталмыш нысанның іске қосылуы кейінге сырылып келгені мәлім. Оның түпкі себептері кейбір жабдық пен материалдардың бағасының қымбаттауында, жобалық-сметалық құжаттамадағы кемшіліктерде, жалпы қаржы тапшылығында делінді. Енді, міне, орын алған олқылықтар жойылып отыр. Соңғы деректер бойынша газ турбиналы станция құрылысын аяқтауға облыстық бюджеттен 182,5 миллион теңге бөлінген. Сондай-ақ, қаржы мәселесінің шешілуіне орай станцияда жұмыс істейтін мамандарды даярлау түйіні тарқатылған. Жергілікті 20 шақты маман жапондықтардың көмегімен арнайы әзірліктен өтіп, біліктіліктерін шыңдады. Стратегиялық маңызы бар нысан іске қосылғаннан кейін «Жайықжылуқуат» мекемесінің қарауына өтпек.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта айтқанда, қазіргі заманның бәсекеге қабілеттілік пен байлыққа қол жеткізу талаптары – жаңа білімге негізделген экономиканы тез арада қабылдап, жаңа тауарлар мен қызметтерді шығарып, алдыңғы қатарлы елдерге кіру. Бұл мемлекет пен сектордың тығыз ынтымақтастығы негізінде ғана жүзеге асырылмақшы.
Осы себептен берілген бұл мәселе инновациялық, ғылыми сыйымды ойлардың, технологиялардың, өнертабыстардың және өнімдер мен қызметтердің трансферті мен коммерциализациясын егжей-тегжейлі талдап, қарастыру арқылы жеке бизнес үшін, өнертапқыштар мен студент қауымға базалық түсініктеме беруді мақсат етеді.
Сонымен қорытындылай келе оқу мәселелер бойынша келесідей маңызды түйіндемелер жасауға болады:
- Жаңа өнімдер мен технологияларды жасау өте күрделі, әрі кешенді іс болып табылады. Базистік технологиялар технологиялық жүйелер мен тізбектер арқылы салалар бойынша таралады. Ол үшін ағымдағы технологиялық құрылысты құрайтын инфрақұрылым, ресурстар мен өндіріс бірте-бірте ресурстарды инновациялық жолмен өңдеу негізінде жаңа тенологиялық жолмен өңдеу негізінде жаңа технологиялық құрылысқа өтеді.
- Тәжірибе жүзінде идея нарыққа жету үшін ол осы үрдіс бойында бірнеше кезеңдермен, бірнеше жұмыс топтарының қолынан, бірнеше жобадан өтеді. Бір инновациялық идея кем дегенде үш сатыдан: ғылыми зерттеулер тәжірибелік өндіріс пен технологияны енгізу өндіріс деген ірі даму кезеңінен өтіп шығады. Әрбір кезеңді жеке-дара жоба деп есептеуге болады.
- Жобадан жобаға өту үрдісі әлемдік тәжірибеде инновациялық үрдіс деп саналады. Инновациялық үрдіске сыртқы және ішкі факторлардың әсерін көрсету мақсатында инновациялық үрдіс сызықты, динамикалық, интерактивті, тізбекті модель ретінде қарастырылады.
- Инновациялық үрдістің ең алғашқы сатысы – ғылыми-зерттеу жұмыстары.
- Екінші сатысы – тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар. Мұнда алынған ғылыми нәтижелерді жүзеге асырудың әдістері, нысандары мен орны нақтыланады.
- Үшінші сатыда өндірістік кәсіпорындар ғылыми және жобалық конструкторлық ұйымдардан алынған техникалық құжаттамалар мен жұмыс сызбалары негізінде жаңа техника мен технологияны меңгеруге кіріседі, жаңа бұйымдардың сериялық және жаппай өндірісін орнатады, оны іске қосу кезінде жаңа өнімнің тұтынушыларына көмек көрсетеді.
- Осы аталған үш сатының түпкі мақсаты өнімді коммерциализациялап, үлкен табысқа жету.
- Дегенмен, инновациялық үрдіс пен коммерциализация циклі өте тәуекелді болғандықтан, әрбір сатыда инвестициялардың тәуекелін мұқият бағалау қажет.
- Сонымен қатар жобаның тиімділік мәселесі де егжей-тегжейлі алдын ала болжануы аса маңызды.
Индустриалды-инновациялық даму – Қазақстанды қазіргі дағдарыстың дауылынан мейлінше аз шығынмен алып шығатын жол. Біз жаңа технологияларды игеріп, инновациялық өсуді қолдаған жағдайда ғана дағдарыстың зардаптарынан тезірек құтыламыз. Өткен ғасырдың 90-жылдарында олардың басты экономикалық әріптесі – Кеңестер Одағы тарағанда, Финляндия экономикасы тоқырауға ұшырады. Сол кезде финн үкіметі экономиканы дамытудың индустриалды-инновациялық түрін таңдады. Айналдырған он шақты жылдың ішінде Финляндия әлемде экономикасы дамыған 10 елдің қатарына қосылды. Халқының орташа табысы жағынан әлем бойынша алдыңғы орында, инновация мен жаңа технологияларды игеру мен қолдану жөнінен Еуропаның үздік мемлекеті боп тұр. Еліміз осы Финляндия мемлекетінің тәжірибесін қолдануда. Елімізде инновациялық үрдіс кезеңдері бойынша жаңа өнімдерді коммерциялау әлемдік тәжірибеге сүйеніп толығымен жүзеге асыруға мүмкіндігі бар, ол үшін қажетті заңдар қабылданып, заңнамалық орта қалыптасқан деуге болады. Сонымен қатар отандық ғылыми сыйымды өнімдер мен технологиялар жетерліктей, кадрлік база әлі де болса бәсекеге қабілетті. Дегенмен, қазіргі кездегі ең басты мәселе – жеке бизнесті бұл салаға тарта алу мен салаға деген қызығушылығын арттыру, Осы орайда мәселені шешу бағыттарының бірі жеке сектордың базалық түсініктемелік негізін қалыптастыру үшін әдістемелік оқу құралдарын шығару, ЖОО студенттері мен жеке секторға инновациялық өнімдер мен технологияларды шығару артықшылықтарын нсихаттау арқылы өндіріске инновациялар енгізуді ынталандыру қажет. Әлемдегі жете дамыған елдердің инновациялық және ғылыми сыйымды өнімдер мен технологияларды енгізудің тәжірибесінде студенттер мен жас ғалымдар локомотив рөлін ойнайды. Олардың инновациялық идеялары өндіріске енгізіліп, солардың болашақ капиталын және байлығын жасау жолына айналады. Ал өндірістік сектор инновациялық жобалардан келетін пайданың өте жоғары екендігіне негізделе отырып, ЖОО-мен тығыз қарым-қатынас орнатады. Осындай өзара білім мен тәжірибе алмасудың моделі Қазақстанда да іске аса алатындығына күмән жоқ. Сол себепті бизнеске үлгі көрсетудің бірінші қадамын мемлекет өз тарапынан акционер болып отырған ірі кәсіпорындарда осындай практиканы бастап, университеттер мен зерттеу институттарының өнертабыстары мен ғылыми жұмыстарын өндіріске енгізу мен тапсырыс жасау арқылы ынталандыру қажет.
Қосымша 1
Қазақстан Республикасы Агенттігінің ақпараты бойынша 2004–2007 жылғы кезең аралығындағы технологиялық инновацияларды қаржыландыру
2003 | 2004 | 2005 | 2006 | 2007 | |
ҚР технологиялық инновацияларға жұмсаған жалпы шығындары, млн тенге | 26933,1 | 35360,3 | 67089,0 | 79986,0 | 83523,3 |
ҚР ғылыми- зерттеу, конструкторлы-жобалық бюро саны | 363 | 463 | 677 | 724 | 763 |
Қосымша
Қазақстан Республикасы Агенттігінің ақпараты бойынша 2004–2007 жылғы кезең аралығындағы кәсіпорындардың инновациялық белсенділік көрсеткіштері
2003 | 2004 | 2005 | 2006 | 2007 | |
Инновация саласындағы зерттелген респондент саны | 7212 | 8022 | 10392 | 10591 | 10889 |
Инновациялық белсенді кәсіпорындар мен мекемелер саны | 148 | 184 | 352 | 505 | 526 |
Инновациялық белсенділік деңгейі, % | 2,1 | 2,3 | 3,4 | 4,8 | 4,8 |
Объем инновационной продукции, млн тенге | 65020,4 | 74718,5 | 120408,4 | 156039,9 | 152500,6 |
Объем инновационной продукции, поставленной за пределы Республики Казахстан, млн тенге | 43944,8 | 48076,0 | 65686,1 | 81149,9 | 82841,7 |
Кәсіпорындардың инновациялық белсенділік көрсеткіші бойынша алдыңғы орында Шығыс Қазақстан облысы (55), Жамбыл облысы (32) Караганды облысы (60), Павлодар облысы (44), Алматы қаласы (176). Инновациялық белсенділік деңгейі 2007 жылы 2006 жылғымен салыстырғанда республика бойынша өзгеріссіз қалды (4,8).
ҚОСЫМША 2 Жамбыл облысының 2004-2006 жылдардағы индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасы
Өндіріс көлемін кәсіпорындарды қайта жарақтандыру, жаңа технологияны енгізу есебінен арттыру жолында мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Осы мерзімде облыста 33 инновациялық жоба жүзеге асырылды. Жобаларды жүзеге асыру үшін 5118,8 миллион теңге инвестиция жұмсалды. Мұның өзі жаңадан 1542 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.
Кәсіпорындарда жаңа өнім түрлерін өндіру игерілуде (клейковина, тағамдық сападағы фосфор қышқылы, бензин, гипсокартон, табиғи металдардан алтынды регент арқылы айыратын тиосульфат-сульфит аммонии т.б.) жаңа технологиялық желілер енгізілуде, кәсіпсрындарда бәсекете қабтлетті өнім өндірілуде. Өнеркөсіп кәсіпобрындарында өңдірістік желілерді компьютерлендіру үрдісі кеңінен қолданылуда және өндірісте жаңа ақпараттық технологиялар пайдаланылуда.
"Өнеркәсіп өндірістерінде мынадай жобалар жүзеге асырылды: "БМ" ЖШС-де клейковина өндіру игерілуде. Мұндай өнім республикада тек осында ғана шығарылады. 2004-2006 жылдары кәсіпорында 11612 тонна клейковина өндірілді. Бұл өнім еліміздің аймақтарында ғана емес сондай-ақ Ресейге, Германияға және Украинаға жөнелтіледі. Цехтың іске қосылуына байланысты 50 жаңа жұмыс орны ашылды. Бүгінде кәсіпорын өздерінде биологиялық таза өнім - "Биоэтанол" өндірісін енгізу жолында ізденістер жасауда. "Фудмастер Қордай" ЖШС-де 340 миллион теңгеге жұмсақ және қатты сыр шығаратын өндіріс құрылды. Соның нәтижесінде 111 жаңа жұмыс орны ашылды. "Булгарконсервпродукт" АҚ-да жаңа жобаны жүзеге асыру үшін 1106,0 миллион теңге жұмсалып, 245 жұмыс орны ашылды. Қазір кәсіпорында қалбырланған қияр, томат, тәтті жүгері және шырындар шығарылады. "Меркі сыр зауыты" ЖШС өндірісті қайта жарақтандыру нәтижесінде тәулігіне 60 тонна сүтті терең өндеуге қол жеткізді. Мұнда бүгінде сырдың бірнеше түрі, сарымай, қойытылған сүт және "лактоза" мен лактулоза шығарылады. Кәсіпорында сондай-ақ жаңа "Сыр пастасын шығару қолға алынған.
Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарында индустриялдық-инновациялық жобаларды енгізу нәтижесінде 2004 жылы тауарлы өнім өндіру көлемі 20,2 миллиард теңгені ал, 2006 жылы ол 27,5 миллиард теңгені құрады.
"Фудмастер Қордай" ЖШС-де 500,6 миллион теңгенің сүт өнімдері өндірілді. Бұл 2005 жылмен салыстырғанда 192,0 пайызды құрайды. Кәсіпорын мұндай есімге жаңа технология және жаңа жабдықтарды енгізу есебінен қол жеткізді.
Облыс үшін "Аманкелді газ" кен орнын әрі қарай дамыту стратегиялық маңызға ие. 2006 жылы мұнда 279,3 миллион текше метр газ және 24,7 мың тонна газ конденсаты өндірілді. "Аманкелді газ конденсаты" зауыты ЖШС-де өз қаржысы есебінен Аманкелді газ кен орнында Газ конденсатын өңдейтін шағын зауыттың құрылысы, жобасы жүзеге асырылды. Оның қуаты тәулігіне 200 тонна. Жаңадан 80 жұмыс орны ашылды. Жобаны жүзеге асыру үшін 260 миллион теңге жұмсалды. Биыл кәсіпорын 3 айда 88,4 миллион теңгенің өнімін өндірді. Сондай-ақ Тараз қаласында газ конденсатын өңдейтін зауыт құрылысы аяқталды. "Казхиминвест" ЖШС тәулігіне 200 тонна газ конденсатын өңдей алады. Зауытта 2007 жылдың 1 қаңтарынан бері шикізат өңдейтін 3 автоматтық желі жұмыс істейді. Бұл жобаларды жүзеге асыру облысты жанар-жағармаймен қамтамасыз етуге едәуір игі ықпалын тигізуде.
"Казфосфат" ЖШС 2004-2006 жылдары кәсіпорындарға 4,5 миллиард теңге инвестиция салды. "Казфосфат" ЖШС Қытай халық республикасымен бірлескен кәсіпорын құрып, жылына 1 миллион 200 тонна минералдық тыңайтқыш өндіретін зауыттың жобасын жасауда.
"Ақбақай кен байыту комбинаты" АҚ-да инновацйялық жобаларды енгізу нәтижесінде алтай, күміс және алтыны бар концентраттарды өндіру көлемі ұлғайды.
Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру облысымызда құрылыс индустриясын дамытуға қуатты серпін берді. Осыдан бір жарым жыл бұрын іске қосылған "КСМ құрылыс" ЖШС-де жылына 30 миллион кірпіш өндіретін қуатты зауыт іске қосылды, 150 жұмыс орны ашылды. "Керамик инвест" ЖШС-де темір бетон бұйымдарын өндіретін 340 миллион теңгенің жобасы жүзеге асырылып, 70 жұмыс орны құрылды. Аталған өндірістердің құрылуы облыста кірпіш және темір бетон өнімдеріне қажеттілікті қамтамасыз етті.
Қолға алынып жүзеге асырылып жатқан шаралар 2004-2006 жылдары өнеркәсіп өнімдерін өндіруді едәуір арттыруға мүмкіндік берді. Яғни, 2006 жылы облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 78,3 миллиард теңгенің тауарлы өнімдерін өндірді. Мұның өзі 2004 жылмен салыстырғанда 1,3 есеге артық.
Облыстың өнеркәсіп өндірісі ырғақты өркендеп келеді. Осы мақсатта Жамбыл облысының 2006-2008 жылдарға арналған индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасы талдап жасалып бекітілді. Бұл бағдарламаға құны 173,6 миллиард теңгені құрайтын 25 инвестициялық жоба енгізілген. Олардың арасында біршама ірі болып табылатын "Химпром-2030" ЖШС базасында жүзеге асырылатын құны 4550,0 миллион теңге болатын "Металл бұйымдары және ферро қорытпа" өндірісін ұйымдастыру жобасы бар. Зауыт іске қосылған кезде жылына 100 мың тонна ферро қорытпа және 15 мың тонна көлемінде болат құймасын шығара алады. Кәсіпорындағы 4 пешті ферро қорытпа шығару үшін қайта жарақтандыру көзделуде. Бірінші пешті 2007 жылдың шілде айында іске қосу көзделуде.
Шу ауданында "Қазақ ет" компаниясы шаруа қожалығы "Ірі қара және ұсақ малдарды бордақылау және келешекте оларды өңдеу жөніндегі жобаны жүзеге асыруға инвестиция тартты. Жобаны жүзеге асыру 15 мың ірі қараны бордақылауға мүмкіндік береді, онда 200 адам жұмыс істейтін болады. Қордай ауданында "Активті извест өндіріс құрылысы" жобасын жүзеге асыру жылына 30 мың тонна активті извест өндіруге мүмкіндік береді. Оған "ССТ" ЖШС 780 миллион теңге инвестиция салуды көздеп отыр. Мұның өзі 100 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. "Алтын алмаз энерго" ЖШС Таразда қуаты 52,38 МВт электр станция салады. Оның құрылысы басталған күннен бастап 12 ай жүргізіледі. Оған 5661,3 миллион теңге қажет. Электр станцияны 2008 жылдың сәуір айында іске қосу көздеуде. Сондай-ақ "ССТ" ЖШС цемент зауытын салады. Оған 12800,0 миллион теңге жұмсалады. Зауытта жылына 1 миллион 300 мың тонна цемент шығарылады. 500 жұмыс орны құрылады. Т.Рысқұлов ауданының аумағында Мақпал кен орнында кварцит өндіретін Қазақстан Герман "Каз Интер Кристал" ЖШС кәсіпорынмен бірлесіп, металлургия комбинатын салу көзделуде. Мұнда кварцит өңдеу арқылы таза кремний шығарылады.
Тараз қаласында "Интернационал Инвестас" ЖШС жылына 200 миллион дана кірпіш шығаратын зауыт салады. Зауыттың құны 12400,0 миллион теңге. Кірпіш үшін шикізат ретінде Сарысу ауданындағы Жайылма кен көзіндегі керамикалық топырақ пайдалынылады. Мұнда кірпіштің 34 түрін шығару қарастырылған, 150 жүмыс орны құрылады.
Кейінгі жылдары сапа менеджменті жүйесін енгізушілер қатарын көбейтіп келеді. 2004-2006 жылдары ИСО халықаралық сапа менеджменті жүйесін 27 кәсіпорын енгізді. Облыста 2009 жылға дейін 113 кәсіпорын мен ұйым сапа менеджментін енгізетін болады. Латиф АИДАРОВ (облыс әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті директорының міндетін атқарушы) «Жаңа технология – жоғары сапалы өнім кепілі»
Ақ жол №71, 3 мамыр, 2007ж.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Кубаев К.Е. Жаңа технологияларды комерциализациялау. Оқу құралы. Алматы 2008
- Ожегов С.И. Шведова Н.Ю. Толковый словарь русского языка. – М.: Азбуковник, 1999
- Risk Management and Technology R&D // Anne-Marie Borbely-Bartis. – 2005. – Pacific Northwest National Laboratory. U.S. Department of energy. sciencesearch.defra.gov.uk
- Оппенлендер К. Технический прогресс .-М.: Прогресс, 1981
- Көккөзова М.Б. Жаңа технология – заман талабы.
- Мансуров Т. Әлем біздің әлеуетімізден тануға тиіс. // Егемен Қазақстан.- 2007. - 19 маусым.
- Ертісбаев Е. Жеті жобаның жаңалығы жеткілікті. // Егемен Қазақстан.- 2007. - 1 желтоқсан.
- Дәулетова А.М. ҚР 2003-2015 жж. Индустриалды-инновациялық дамуының стратегиясы. Астана, 2008. Стратегия индустриально-инновационного развития Республики Казахстан на 2003–2015 годы (government.kz).
- Программа Правительства Республики Казахстан на 2006–2008 годы (government.kz).
- Экономика предприятия /под. ред. Беа Ф., Дихтла Э., Швайтцера М. – М.: ИНФРА-М, 2001.
- Е.В.Арсенова. Я.Д.Балыков. И.В.Корнеева. Экономика предприятия: Учебное пособие под ред. Н.А.Сафронова - М.: Юристь, 1999
- Экономика предприятия /Под. ред. Кантора Е.Л. – СПб.: Питер, 2002
- Статистический ежегодник 2007 (Агентство РК по статистике).
- Экономика предприятия / Мокий М.С., Скамай Л.Г., Трубочкина М.И. – М.: ИНФРА-М, 2002
- Экономика промышленного предприятия. Практикум / Зайцев Н.Л. – М.: ИНФРА-М, 2001
- Экономика предприятия /под. ред. Ревенко Н.Ф. – М.: Высшая школа, 2007.
- Микроэкономика / Пиндайк Р., Рубинфельд Д. – М.: Дело, 2001
- Экономика предприятия /под. ред. Сафронова Н.А. – М.: Юристъ, 2002.
- Индустриально-инновационное развитие Республики Казахстан. Справочный материал (kazembassy.ru).
- Егемен Қазақстан, Азат БЕТЕКБАЕВ («Инжиниринг және технология трансферті орталығы» АҚ президенті), 2009 1 мамыр
- google.kz
- stat.kz