Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жамбыл облысында 2000 жуық қызметкердің еңбек саласындағы құқықтары қорғалды

Жамбыл облысында 2000 жуық қызметкердің еңбек саласындағы құқықтары қорғалды

Тараз. 17 маусым. 7kun.kz - Жамбыл облысында 2000 жуық қызметкердің еңбек саласындағы құқықтары қорғалды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Жамбыл облысы әкімдігі еңбек инспекциясы басқармасының басшысы  Сеғали Айдапкелов мәлімдеді.

Серғали Айдапкеловтың сөзіне сенсек, аймақта еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және жұмыспен қамту саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін, а.ж. бірінші тоқсанында 100 еңбек ұжымдарда 18 көрсеткіш бойынша жүргізілген мониторинтің қортындысына жүгінсек, аталымыш 100 еңбек ұжымдардың 27-де ұжымдық шарттар жасалынбағандығы, 88 кәсіпорындарда жазатайым оқиғалардан жұмысшылар сақтандырылмағандығы, 696 қызметкерлердің жұмыс уақыты толық еместігі, жыл басынан бері 8 кәсіпорнында 3376 қызметкерге 325,2 млн. теңгенің жалақы қарызы бары анықталған.

Кәсіпорындардың басшылығына еңбек инспекторларымен жалақы қарызына қатысты орындалуы міндетті ұйғарымдар беріліп, 976 мың теңгені құрайтын сомада айыппұлдар салынып, облыс әкімінің әлеуметтік әріптестік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік үшжақты комиссияның отырыстарында қаралып, кәсіпорын басшыларына еңбек туралы заң талаптарын орындау ұсынылған..

«Қабылданған шаралар нәтижесінде 1970 қызметкерлердің еңбек саласындағы құқықтары қорғалып, оларға 284,9 млн. теңге жалақы қарыздары өтелінді. Негізгі себеп, еңбек ұжымдарында мекеме басшыларының еңбек заңнамасының талаптарын жетік білмейтіні немесе біле тұра заң бұзушылыққа жол беретіні, сала бойынша басшы кадрларды іріктеуде жіберілген олқылықтардың орын алуы негіз болуда. Өткен бес ай ішінде 344 еңбек ұжымдарының басшылар мен жауапты қызметкерлерінің білімдері тексеруден өткізіліп, 266 жұмыс орны бар 7 ұйымда 33 өндірістік нысандар аттестациядан өткізілді»,- деп атап көрсетті спикер.

Похожие материалы