Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қырғызстанның сыртқы қарызы 3,6 млрд долларға жетті

Қырғызстанның сыртқы қарызы 3,6 млрд долларға жетті

2015 жылы Қырғызстанның сыртқы қарызы 4,9%-ға, яғни 169 млн долларға көбейді. Бұл туралы Қырғызстанның қаржы вице-министрі Мирланбек Байгончоков Бішкекте өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

«Егер біздің өткен жылғы сыртқы қарыз көлеміміз 3,4 млрд доллар болса, осы жылдың басынан бері бұл көрсеткіш 3,6 млрд долларды құрап отыр»,- деді вице-министр. Қаржы министрлігінде доллардың құбылуы сыртқы қарызды қайтаруды қыйындата түскенін айтады. Қазір министрлікте қарыз ауыртпашылықтарын қайта құрылымдау шаралары жүргізілуде. «Біз қарыз берушілермен екіжақты келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Қазір жинақталған қарыздарды қайта құрылымдау туралы Германия үкіметімен алдын-ала келіссөздер процесі жүруде" , - деді М.Байгончоков. Өткен жылдың соңында Қырғыз Республикасының ішкі қарызы 204 млн долларды құрады. Бұл елдің жалпы мемлекеттік қарызының 5,4% -ын құраған еді. Фото:kapital.kz    

Похожие материалы