Кәдеге жарату алымы (утильдік алым) мөлшері ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ұсынған есептеулер негізінде 2022 жылғы 29 сәуірде бекітілді. Енді 11 мамыр күні күшіне енеді, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Утильдік аламның жаңа мөлшеріне қатысты бұйрық барлық мүдделі мемлекеттік органдармен келісілді (ИИДМ, СИМ, Қаржымині, ҰЭМ, АШМ, Әділетмині) Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтті және Эталондық банкке жіберілді, ол 5 жұмыс күні ішінде ресми жарияланатын болады және күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді», деп хабарлады ҚР Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі.
Бұған дейін жаңа мөлшерлеме мамыр айында күшіне енуі мүмкін деген ақпарат тараған. Вице-премьер Роман Скляр «автокөліктер мен ауылшаруашылық техникалары үшін утильдік алым мөлшері 50 пайызға арзандай» деген.