Экономика
Қуандық Бишімбаев Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды
Кәрім Мәсімов үкіметке жаңа ұлттық экономика министрі ретінде Қуандық Бешімбаевты таныстырды. Бұл мәліметті "Бәйтерек" ұлттық холдингінің баспасөз қызметіндегілер растады.
Қуандық Бишімбаев 2013 жылдан бері басшылық етіп келеді. Осыған дейін ол "Самұрық-Қазына" ұлттық әл ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары болды. 2010-2011 жылы экономикалық даму және сауда вице-министрі қызметін атқарды. Сондай-ақ ҚР Президенті көмекшісі , ал 2007 жылы индустрия және сауда вице-министрі болған.
Еске салайық, 5 мамырда Ерболат Досаев Жер кодексінің қоғам арасында резонанс тудыруына байланысты отставкаға кетті.