Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жаңа заңды білмеу жосықсыз кәсіпкер атануға себеп болды

Жаңа заңды білмеу жосықсыз кәсіпкер атануға себеп болды

Заңды білмеушілік кәсіпкерлерді мемлекеттік сатып алу порталында жосықсыз қатысушылар атануына себеп болып отыр. Бұл туралы Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады. 

Палатаның құқықтық бөлімінің мамандары соңғы уақытта кәсіпкерлердің себепсізден жосықсыз қатысушы ретінде атанып жатқаны туралы шағымдардың көбейгенін анықтаған. Оның басты себебі қаржы министрлігінің жаңа бұйрығын білмеуінен болып отыр. Осы жылдан бастап «Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастыру және оны жүргізу тәртібін бекіту туралы» құжат қабылданды. Ол бойынша, шартты үш жұмыс күні ішінде ұсынбаған жеткізуші қара тізімге енеді. Көпшілігі шарттың қандай электронды поштаға жіберілетінінен бейхабар екені болып шықты.

«Айта кетейік, бір көзден алу немесе жеңімпазды баға ұсыныстарын сұрау бойынша келісім-шартты жасау кезінде құжат мемлекеттік сатып алу порталының поштасына жолданады. Демек, mail.ru поштасына емес, жеке кабинетке жіберіледі», - дейді сарапшы Айдар Қажымұхан.

Мәселен, жақында Палатаға жеке кәсіпкер жүгініп, компаниясы жосықсыз қатысушылар тізіміліне енгізілгенін айтты. Оның алдында кәсіпкер жүргізілген байқау жеңімпазы атанған. Бұл туралы хабарлама алып, тапсырыс берушіден телефон арқылы шартты жіберу бойынша бірнеше рет хабарласады. Алайда, ол құжаттың ЖК поштасына жөнелтілгенін айтады.

«Жеңімпаз құжаттың mail.ru поштасына жіберілетінін ойлаған. Алайда, тапсырыс беруші Қаржы министрінің жаңа бұйрығына сәйкес мемлекеттік сатып алу порталындағы ЖК поштасына жібереді. 3 күн өтіп, шартқа қол қойылмаған соң, компания өкілетті орган шешімімен автоматты түрде жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілді», - дейді сарапшы.

Маманның пікірінше, 2016 жылдың алғашқы тоқсанында аталмыш себеп бойынша облыс кәсіпкерлерінің 7-9%-ы жосықсыз қатысушылар тізіліміне енген.

Похожие материалы