Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жапонияда 8 миллион абонент аптап салдарынан байланыссыз қалды

Жапонияда 8 миллион абонент аптап салдарынан байланыссыз қалды

Жапониялық KDDI AU ұялы телефон операторы 7,96 миллион абоненттің электрондық пошта арқылы хабарлама жіберу жүйесінде ақаулық туындағанын хабарлады.

Мұндай проблемаға телефонның барлық түрлерін, соның ішінде смартфондарды пайдаланатындар да тап болды деп хабарлады  РИА Новости. Бұған аптап ыстыққа байланысты соңғы күндері орнатылған кондиционерлердің бұзылуы себеп болуы мүмкін. Тотиги префектурасындағы байланыс орталығындағы кондиционер істен шықты. Мұндағы температураның күрт көтерілуі электрондық поштаның қызметімен тікелей байланысты сервердің автоматты түрде тоқтап қалуына соқтырды.

Похожие материалы