Экономика
IT, Технология
Жартылай өткізгіштердің әлемдік нарығы 2015 жылы 5,4%-ға өседі
Жартылай өткізгіштердің әлемдік өндірушілерінің ақшалай түсімі ағымдағы жыл қорытындысы бойынша 5,4%-ға жоғарылап, 356 млрд долларға жетуі мүмкін, деп хабарлайды өз баспасөз баянында Gartner зертеу компаниясы.
Бұл үш ай бұрын өсімді 5,8%-ға теңеген болжамнан әлдеқайда жаман. 2014 жылдың қорытындысы бойынша ақшалай түсім өсімі 7,9% - 339,8 млрд долларға теңесті. Көрсеткіштің бұлай жай өсуі осы жылы негізінен DRAM жадтық чиптерінің өзгерістеріне байланысты.
Өткен жылы DRAM сатылымы өзге микропроцессорларға қарағанда ең жоғары көрсеткішке жетіп 31,7%,яғни рекордтық 46 млрд долларды құрады. Бұл жеткізілімнің жетіспеушілігімен түсіндірілді, 2015 жылы ұсыныс пен сұраныс арасында теңестірілген жағдай қалыптасады деп күтілуде. Нәтижесінде, DRAM бағасының өсу қарқыны баяулайды, ал ақша түсімі жыл қорытындысы бойынша 7,7%-ға ғана өседі.