Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жеңіл автокөліктер саны 18,9 пайызға артты

Жеңіл автокөліктер саны 18,9 пайызға артты

Алматы. 16 қараша. 7kun.kz — 2017 жылдың қаңтар-қыркүйегінде Қазақстанда 591 524 автокөлік тіркелген, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,9 пайызға артық, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті.

Қазақстанда тіркелген автокөліктер саны 1 қазанда 3920,9 мың бірлікті құрады.

Қаңтар-қыркүйекте 12302 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,9 пайызға аз көрсеткіш. Сонымен қатар, 2017 жылы апаттан 16106 адам зардап шекті.

1 қазаннан бастап көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру компаниялары 17,5 млрд теңгеге 55 678 сақтандыру төлемін жасады.

Похожие материалы