Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жеке кәсіппен айналысатындардың саны көбейді

Жеке кәсіппен айналысатындардың саны көбейді

Алматы. 2 наурыз. 7kun.kz — «Кәсіпкерлікпен айналысу тиімді бола түсті». 2016 жылы табысы 100 мың теңгеден жоғары азаматтардың саны 75 мың адамға көбейген. Бұл туралы Finprom.kz сараптама агенттігі хабарлады.

Қазақстандағы экономикалық қиындықтарға қарамастан кәсіпкерлердің белсенділігі артып келеді. 2016 жылы өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етіп, кәсібі 100 мың теңгеден жоғары кіріс әкелгендердің саны 33 мыңға артқан. Оның ішінде 6,5 мың адам 400 мың теңгеден жоғары табыс табады.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша еліміздегі мұндай адамдардың саны — 1,8 миллион.

2016 жылы қазақстандықтар жеке  кәсіппен белсенді айналыса бастады. Бір жылда жеке шаруамен шұғылданатын халықтың саны 75 мыңға артып, 1,3 миллионға жеткен.

Өзінше табыс тауып, осылайша өзге азаматтарды жұмыспен қамтып отырған тұлғалардың саны да 17 мың адамға артып, 123,4 мыңға жетті.

Жеке кәсіппен шұғалдана отырып, табыс тапқан адамдардың саны азайған. Бұл жағдай халықтың бизнеске кетудегі амбициясы мен саланың табысты емес екенін білдіреді. Бір жылда мұндай адамдардың саны 52 мыңға қысқарған.

Кәсіпкерлікке дем беріп отырған мемлекет тарапынан шағын бизнесті белсенді кредиттеу саясаты. 2016 жылы шағын бизнеске берілген кредиттердің жиынтығы 1 триллион теңгеге көбейген. ҚР кредиттеу нарығы жалпы алғанда 1 пайызға өскен.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы екі жылда Қазақстанда кәсіпкерлікті қолдауға арналған кең ауқымды кампания жүргізіліп келеді. Бұл саладағы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырушы негізгі оператор «Даму» қоры болып отыр.

Похожие материалы