Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін 10 сотық жерді қалай алуға болады?

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін 10 сотық жерді қалай алуға болады?

Заң бойынша Қазақстанда кез келген адам өзіне жер алып, үй сала алады. Алайда бұл мәселе соңғы кезде шешімін таппай келеді. 10 сотық жерді алу үшін мыңдаған адам өтініш бергенмен  жерді уақытында ала алмай жатқандар саны жетерлік.

10 сотық жерді қалай алуға болады?

10 сотық жерді қалай алуға болатыны және қандай құжаттардың керек болатыны туралы kn.kz порталына жер мәселесі жөніндегі заңгер Бақытжан Базарбек айтып берді: "Жерді алу үшін тұрғылықты мекен-жайдағы әкімдікке бару керек. Біздің адамдар кейде қалай болса солай кез келген адресатқа өтініш жазып, қажет емес құжаттарды ұсынады. Ал жерді алу үшін өтініш, жеке куәлік және жердің немесе жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы анықтама қажет. Бір ғана жер учаскесі үшін бірнеше әкімдікке құжат тапсырудың қажеті жоқ. Ал әкімдік жерді алатын тұлғаның өтінішін қарастырмаған болса, прокуратураға жүгінуге болады".

Жеке тұрғын үй құрылысы бойынша адамдарға жер учаскесі тек бір-ақ рет тегін беріледі. Ал мұндай мәселеге жауапкершілікпен қараған жөн. Мемлекеттік жерді алу туралы әкімдікке өтініш бермес бұрын жерге қатысты инженерлік жобалар қай аймақта жоспарланатынын біліп алу керек.

Ал құрылысты бастау үшін жалдау туралы келісім жасап қоймай, үйге қатысты жылдық жоспарды ұсынып, құрылысқа рұқсат алу қажет. "Қарапайым түрде қарайтын болсақ, құрылысты бастау үшін жалдау, жерді игеру туралы келісім жасалып, үйдің эксиздік сызбасы мен ғимараттың архитектуралық жоспары бекітілген соң құрылысқа рұқсат алынады. Құрылыс аяқталған соң үй арнайы түсірілімен өткізіліп, содан кейін ғана пайдалануға беріледі", - дейді заңгер.

Жер телімі үй салынған соң беріледі

По закону участки ИЖС сначала сдаются в аренду, и только после освоения — в собственностьЗаң бойынша жеке тұрғын үй құрылысына арналған жерлер алдымен үй салуға беріледі. Ал жеке меншікке жер игерілген жағдайда өтеді. Яғни жер тұрғын үй құрылысы аяқталған соң белгілі бір тұлғанікі болады. "Баспқыда тұлға жерді жеке меншікке емес жалға алады. Яғни азамат шын мәнінде жер теліміне мұқтаж болатын болса, жалға алынған жерге үй салып, оны пайдалануға берген соң ғана жжерді жеке меншікке ала алады. Ал егер жалға алынған жерді игеріп үлгермеген жағдайда қорқудың қажеті жоқ. ҚР Жер кодексінің 37 бабына сәйкес, жалға беру туралы келісім мерзімін ұзарта аласыз. Бұл келісім мерзімінің аяқталуына 3 ай қалғанға дейін жүзеге асырылуы керек. Алайда үй салмай келісім уақытын ұзартып жүре беруге де болмайды. Егер уақытты соза берген жағдайда мемлекет жер телімін мақсатсыз пайдалануға берілгенін біліп, келісім шартты бұзуы мүмкін" - дейді сарапшы.

Егер азаматтың жері болса

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер алуға өтініш жазған азаматтың меншігінде тағы жер болса жағдай қалай болады? Заң бойынша әрбір азаматқа жеке тұрғын үй құрылысы бойынша 0,1 гектар жер тиесілі және жылжымайтын мүлкі болған жағдайда жер телімін алу құқынан айырылмайды. Алайда сарапшының сөзінше, жерді алу кезіндегі өтініште жылжымайтын мүлкіңіздің яғни үйіңіздің немесе пәтеріңіздің бар екені жазылса, комиссия бұған міндетті түрде мән береді. Сондай-ақ, бұдан бұрын "тегін" түрде жер алған болсаңыз ол қайтадан сізге берілмейді.

Ерлі-зайыптылардың әрқайсы 10 сотық жерді иелене ала ма?

Логикалық тұрғыда заң бойынша жер телімі отбасына емес, әрбір азаматқа беріледі. Яғни ерлі-зайыптылардың әрқайсы 10 сотық жерден алуға мүмкіндігі бар екені жоққа шығарылмайды. Бірақ бұл тек теориялық тұрғыдан ғана. Неліктен? Себебі жерді алу туралы өтініш берген азаматтың жағдайы туралы егжей-тегжейлі тексеріледі. Оның үстіне жерді алуға өтініш берген азаматтар саны қаншама?!

Сондықтан 10 сотық жерді алу туралы әкімдікке өтініш берген жағдайда инфрақұрылымның даму барысын және белсенді жұмыс қай аймақта жүргізіліп жатқанын біліп алған жөн. Содан соң ғана ол жерге өтініш бере беруге болады.

Маржан НҮСІПБЕК, "7"

Похожие материалы