Жекешелендіру бағдарламасын іске асыру нәтижесінде түскен қаржы көлемі 40 млрд теңгені құрады. Бұл туралы ҚР президентінің жанындағы орталық коммуникациялар Қызметінің брифингінде қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.
Бақыт Сұлтановтың сөзінше, бағдарлама аясында 152 обьект іске асырылды, олардың ішінде коммуналдық жекеменшік - 64, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар - 47 және 36 холдинг обьектілер бар.
"Дегенмен республикандық бюджетке тек 336 млн теңге, облыстық бюджетке - 707 млн теңге түсті. Холдингтер сатылымнан 25 млрд теңге, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар 3 млрд-қа жуық қаржыға ие болды", - деп мәлімдеді министр.
Жекешелендіру обьектілердің көпшілігі Жамбыл мен Ақтөбе облыстарында іске асырылған.
"Ол өңірлерде 11 және 10 коммуналдық жекеменшіктер сатылды. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары арасындағы көшбасшы Ақтөбе облысы және "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы. Олар тиісінше 15 және 18 жобаны сатылымға шығарды",- деп атап өтті ол.