Ұлттық банк банк секторының бірігуін қолдағанмен, оның жүргізген шараларында әлі де тиімділік жоқ. Бұл туралы Жоғары экономика мектебінің (ЖЭМ) ұлттық зерттеу университетінің «Даму орталығы» институының зерттеуінде жазылған.
«Қазақстанда банк активтерінің сапасы әлі де төмен. Ұлттық банк екінші деңгейлі банктердің бірігуі мен іріленуін қолдайтыны анық, бірақ лицензияларды уақытша алып қою жүйеге деген сенімді күшейтпейді», - деп жазады ЖЭМ.
Естеріңізде болса, 2016 жылдың 1 қарашасынан бастап Ұлттық банк «Дельта Банк» АҚ-тың жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға арналған лицензияларының қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған еді. Кейінірек Ұлттық банк «Қазинвестбанк» АҚ-тың лицензиясын алып қойып, Delta bank-тікін қайтарып берді.
Экономика мектебінің зерттеуінде депозит операцияларын жүргізу лицензиясын алып қою тәсілі банктердің қаржылық жағдайын қалыпқа келтірудің тиімсіз әлісі екені жазылған. Әлемдік тәжірибеде банкті сауықтыру шараларының жоспарын жасап, банк қадағалаушының барлық талаптарына толықтай жауап бермейінше бақылаушы органдардың араласуы секілді әрекеттер ең ұтымды шешу жолы ретінде қарастырылады.
«Ұлттық банк лицензиясынан уақытша айрылған банктердің нақты қандай операцияларды бұзғанын айтқан жоқ. Ең қызығы, Ұлттық банктің «Банктер кішкентай болғандықтан, Delta bank пен «Қазинвестбанк» лицензаларын алып қою қаржы жүйесіне әсер етпейді» деген мәлімдемесі болды. Бұл Ұлттық банк кішкентай банктер үшін көмектесуді қаламайтынын білдіре ме?», - деп жазады ЖЭМ.
Шолуда жазылғандай, «Қазкоммерцбанк, Delta bank пен «Казинвестбанка» банктерінің негізгі көрсеткіштерін салыстыра келе, «Қазинвестбанктің» портфелі сапалы болғаны анықталған. Тек өтімділік бойынша ғана «Қазинвестбанк» төменгі нәтижелер көрсеткен. Зерттеушілер Ұлттық банктің «Қазкоммерцбанк» ірі банк болғандықтан ғана көмектесті деген тұжырым жасайды.
«Одан бөлек, Қазақстандағы ақша аударымдарының үштен екісі аталған банк арқылы іске асады. Қаржылық жағдайы тұрақсыз осындай банкке экономиканың тәуелді болуы үлкен тәуекел екенін айту керек. Ұлттық банк банктердің бірігуін шынында да қолдауы мүмкін. Бірақ бұл оның әдістері ең тиімді деген сөз емес», - деп жазады зерттеу институты.
ЖЭМ-нің пайымдауынша, банк секторының өтімділігі туралы деректерге сәйкес, артық қаражат теңдей бөлінбеген. «Қазинвестбанк» төлемдерге қатысты қиындыққа тап болып отырған кезде «Қазкоммерцбанк» Ұлттық банктен 400 млрд теңге қаржы алды да, орталық банктің нағыз кредиторына айналған.
«Қазкоммерцбанк» пен Халық банктің бірігуі туралы сыбыстар қызық. Бұл келісімнің ірілігі соншалық, мұнда нақты бір позицияның болуы мүмкін емес. Халық – әлдеқайда табысты банк болғандықтан, ол экономиканың ҚКБ-ға тәуелді тұсының тұрақтылығына жақсы әсер етуі мүмкін. Екінші жағынан қарасақ, Қазкоммерцбанктегі активтердің сапасы аса жоғары емес: уақыты өтіп кеткен кредиттер деңгейі 10-11 пайыз болғанымен, қарыздың жиналу көрсеткіші 40 пайызды ғана құрайды», - деп жазады зерттеу институты.
Айта кетейік, 2016 жылы Халық банкі активтерінің көлемі бойынша – 1-орын, Қазкоммерцбанк – 2-орын, Delta bank – 14-орынға тұрақтаған.