Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Жолаушылар тасымалы" АҚ "Тұлпар-Тальго" пойыздарына жеңілдіктер жариялады

"Жолаушылар тасымалы" АҚ "Тұлпар-Тальго" пойыздарына жеңілдіктер жариялады

"Жолаушылар тасымалы" АҚ  "Тұлпар-Тальго" жүрдек пойыздарына жеңілдіктер жариялап жатыр. Бұл жөнінде компанияның баспасөз қызметі хабарлайды.

2015 жылдың 17 қыркүйегінен бастап "Турист", "Бизнес" және "Гранд" кластарына сәйкес мына пойыздарда 40 пайызға дейінгі жеңілдіктер қарастырылады: Үш санат бойынша жүзеге асырылатын дисконт карталарға да жеңілдіктер бар: 1. "Кұрмет" - 50 жастан асқан қарт кісілерге берілетін жеңілдік көлемі 30 пайыз; 2. "Жастар" - 16-25 жас аралығында жастарда жеңілдік көлемі - 30 пайыз; 3. "Саяхатшы" - тұрақты тұтынушыларға жеңілдіктер 10-20 пайыз көлемінде. "Осылайша, дисконт картасы бар жолаушы жаңа жеңілдіктер есебімен қосқанда 70 пайызға жуық жеңілдікпен билет сатып ала алады. Жеңілдіктердің басым көпшлігі "Гранд" және "Бизнес" кластарға арналған", - дейді компанияның баспасөз қызметі.

Похожие материалы