Алматы. 28 желтоқсан. 7kun.kz – «Жолаушылар тасымалы» АҚ филиалының басшысы пара алғаны үшін ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Антикор «Жолаушылар тасымалы» АҚ филиалы - «Қала маңы тасымалы» басшыларының біріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
«Акционерлік қоғамы филиалының директоры 2020 жылдың қыркүйегі мен ағымдағы жылдың желтоқсаны аралығында жолаушылар вагондарын жөндеу бойынша қызмет көрсетушінің пайдасына жасаған әрекеттері мен жалпы қамқорлығы үшін жүйелі негізде ақшалай қаражат алды деп күдіктелуде. Алынған пара сомасы 11 миллион теңгеден асады», – делінген хабарламада.
20 желтоқсанында күдікті ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу шарасы жалғасуда.