Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жолаушылар тасымалы Астана-Қызылорда пойызының екінші құрамын іске қоспақ

Жолаушылар тасымалы Астана-Қызылорда пойызының екінші құрамын іске қоспақ

"Жолаушылар тасымалы" 2015 жылдың сәуір айының аяғынан бастап "Астана-Қызылорда" бағытындағы жолаушы пойызының екі құрамы іске қосылады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ 2015 жылдың 25 сәуірінен бастап, тұрғындардың сұранысы бойынша "Астана-Қызылорда" бағытындағы N89/90 жолаушылар пойызының екінші құрамы іске қоспақ. Олар "Тұлпар-Тальго" вагондарының құрамында. Осыған дейін 4 күнде бір жүретін пойыз, арасына бір күн сала қатынайтын болады", - делінген ақпаратта. Пойыз жалпы саны 23 вагоннан тұрады. Оның екеуі - "Гранд", екеуі - "Бизнес", он төрті - "Турист", 2 мейрамхана-вагон, 3 техникалық вагон. Пойыз маршруты 5 облыстың аумағынан өтеді. Сапар жолындағы аялдамалар: Қарағанды, Сары-Шаған, Шу, Жамбыл, Шымкент, Арыс-2 және Түркістан.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ - Қазақстан темір жолының еншілес құрылымы.

Похожие материалы