Экономика
Выбор редактора
"Жолаушылар тасымалы" жүрдек пойыздарына икемді баға белгілеу жүйесін енгізеді
"Жолаушылар тасымалы" АҚ ("Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының үлестес бөлігі) 8 сәуірден бастап "Астана-Алматы" және "Аламты-Петропавл" бағытындағы жедел пойыздарға икемді баға белгілеу жүйесін енгізеді деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Бағдарламаға сәйкес, билеттің құны сатылым тереңдігінен және билетке деген сұраныстан тәуелді болады.
"Мәселен, билетті алдын ала сатып алған жолаушы билеттің базалық бағасынан 35 пайызға дейін жеңілдікке ие бола алады. Пойыздың жүру уақыты жақындаған сайын билет бағасының өсе түсетінін де айта кету керек", - делінген компания таратқан пресс-релизде.
Қазіргі кезде икемді тарифтер "Астана-Атырау", "Алматы-Шымкент", "Алматы-Ақтөбе", "Астана-Защита (Өскемен)", "Алматы-Защита (Өскемен)", "Алматы-Атырау", "Астана-Шымкент", "Ақтөбе-Астана", "Астана-Қызылорда" бағыттарына енгізілген.