Алматы. 28 маусым. 7kun.kz – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша 2019 жылғы мамырда инфляция 0,6% (2018 жылғы мамырда – 0,2%) болды.
Жыл басынан бері инфляция 2,4%-ды (2018 жылғы қаңтар-мамырда – 2,4%) құрады. Қаңтар-мамырда азық-түлік тауарларының бағасы 5,7%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 1,8%-ға өсті. Ақылы қызмет көрсету бағасы 1%-ға төмендеді.
Жылдық инфляция 5,3% деңгейде қалыптасты және 4-6% нысаналы дәлізінің ішінде тұр. Инфляцияның құрылымында жылдық көрсеткіш бойынша азық-түлік тауарларының бағасы 7,9%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 6,1%-ға өсті. Ақылы қызмет көрсету бағасының жылдық өсу қарқыны 1,3% болды.
2019 жылғы мамырда халықтың инфляциялық күтулері нақты инфляциядан кейін шамалы өсті. Халықтың пікіртерім нәтижелері бойынша инфляцияның бір жылдан кейін күтілетін сандық бағалауы 4,7% болды.