Алматы. 15 қараша. 7kun.kz — 2017 жылдың қаңтар-қыркүйегінде Kcell пайдасы 8,2 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды LS.
2016 жылғы 9 ай ішіндегі қорытындысымен салыстырғанда (15,6 млрд теңге) пайда 47,1 пайызға төмендеді.
Компанияның кірісі үш тоқсанда 109 млрд теңгеге жетті. Бұл кезеңде 0,2 пайызға өсті.
Жалпы пайда 41,4 млрд теңгеден 41,9 млрд теңгеге дейін 1,1 пайызға өсті.
Операциялық пайда 24,7 млрд теңгеден 21,4 млрд теңгеге дейін (13,2 пайызға) қысқартылды.
Салық салуға дейінгі пайда 19,8 млрд теңгеден 14,5 млрд теңгеге дейін азайды.
Компанияның активтері 2017 жылдың 30 қыркүйегінің аяғындағы жағдай бойынша 182,2 млрд теңгені құрады. Ал өткен жылы олар 181 млрд теңгені құраған (0,4 пайызға төмендеді).
Сонымен бірге, капитал 4,7 пайызға (69,2 млрд теңгеге дейін) төмендеді, ал міндеттемелер 2,3 пайызға (110,9 млрд теңге) өсті.