Осы жылдың соңына дейін ғылыми қызметті коммерцияландыру туралы заң қабылдану жоспарланып отыр. Бұл ғылыми жетістікті нарықтық негізге шығаруға мүмкіндік береді деп мәлімдеді білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев.
"Ғылымды, инновацияны жүйелі түрде қолдау үшін осы жылдың соңына дейін ғылыми және ғылыми техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы заң қабылдау жоспарланып отыр. Заң республикадағы ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің жетістіктерін коммерцияландыру жүйесін іске асыруға қатысты қатынастарды реттеп отырады", - деді ол.
Вице-министрдің атап өтуінше, бүгінде ғылымды қаржыландыру құрылымы ғылыми зерттеулер, жағына көбірек бет бұрып жатқандығын байқатады. Бұл көрсеткіш 85 пайызды құрайды.
"Сынақ-конструкторлық жұмыстарға тек 15% бөлінеді. Әлемдік тәжірибеде ғылыми зерттеулерге 40-50 пайыздан, сынаққа 50-60 пайыздан келеді. Бізге де осы бағытта жұмыс істеу керек", - деп қорытындылады ол.