Экономика
Жыл соңына дейін Қытайға автомобильмен тасымал жасауға 7 мың рұқсаттама беріледі
Алматы. 23 қараша. 7kun.kz - 2017 жылдың басында Қазақстан мен Қытай 50 мың автомобильмен тасымал жасау рұқсаттама бланкілерімен алмасты деп хабарлайды Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі.
20 қарашадағы есеп бойынша қазақстандық тасымалдаушылар 43146 бланканы пайдаланды.
ҚР ИДМ Көлік комитеті рұқсаттаманы беру жөніндегі мемлекеттік қызмет автоматтандырылғанын және ақысыз екенін еске салады. Тасымалдаушылар аталған бланкілерді elicense.kz порталының көмегімен ала алады. Тапсырыс берілгеннен кейін беру туралы шешім екі күн ішінде қабылданады. Тапсырыстан кейін бланктерді беру туралы шешім екі жұмыс күні ішінде қабылданады.
Рұқсаттамаларды тарату тасымалдаушының жылжымалы құрамының санына, комитеттің аймақтық органдарындағы қайтарылған және қалған бланкілер санына байланысты.
2017 жылы Қазақстаннан Қытайға 1000 тонна күнбағыс майы экспортталды.