Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жыл соңына дейін жылу мен электрэнергиясы тарифтері көтерілмейді

Жыл соңына дейін жылу мен электрэнергиясы тарифтері көтерілмейді

Жыл соңына дейін жылу мен электрэнергиясы тарифтері көтерілмейді. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Энергетика министрлігінің атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы Сұңғат Есімханов мәлімдеді.

«Тарифтерге байланысты жыл соңына дейін өзгеріс болмайды. Себебі ол тарифтер бұйрықтармен бекітіледі. 2016 жылғы көтерме сауда нарығындағы реформада көтеруге қатысты жоспар жоқ. Алдағы жылы да көтерме электрэнергиясы 2015 жылдағыдай болады», – дейді ол. Оның айтуынша, елдегі жанармай қоры жылыту маусымының бір жарым-екі айына жеткілікті. «Жылыту маусымының алғашқы 1-2 айына керекті қор бар, барлық жерде бар. Кентау, Арқалық секілді қосымша жанармай сатып алу қажеттілігі бар жерлер де қамтамасыз етіледі. Қаржыландыру мәселесі алдағы екі апта ішінде шешіледі. Бірақ оған қатысты мәседе туындамайды деп ойлаймын. Ірі қалаларда ағымдағы жөндеу жұмыстары маусым басталғанша жалғаса береді», – дейді ол. Бүгінде 5 энергоблок, 38 қазан және 26 турбинаның жөндеу жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда 3 энергоблоктың, 18 қазанның және 16 турбинаның жетілдіру жұмыстары жүргізілуде.

Похожие материалы