Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жылу бағасы қымбаттады

Жылу бағасы қымбаттады

Алматы. 19 қазан. 7kun.kz – Қазақстан бойынша газ бен жылу жүйесінің бағасы бір жылда 4% қымбаттаған, ал көмір мен отын 18 және 9% қымбаттаған, - деп хабарлайды Ranking.kz.

Сарапшылардың сөзіне сүйенсек, қыркүйекте 1 тонна көмір 12,9 мың теңге тұрған. Бір жылда 17,5% қымбаттап кеткен. Ал, отынның текше метрі 9,3% қымбаттап, 6 мың теңгеге жеткен.

«Орталық жылу жүйесінің бағасы 2018 жылғы қыркүйектің қорытындысы бойынша 1 гигакалориясы 4 000 теңгеге жетті. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 4,1% көп. Табиғи газдың да бағасы қымбаттады. Бір жылда 4,2% қымбаттап, текше метрі 18,9 теңгеге жеткен», - делінген сарапшылардың зерттеуінде.

Похожие материалы