Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жылжымайтын мүлік қорынан пәтер алынса қандай салық төленуі қажет?

Жылжымайтын мүлік қорынан пәтер алынса қандай салық төленуі қажет?

2014 жылдың желтоқсан айында "Самұрық-Қазына" жанына құрылған жылжымайтын мүлік қорынан "Қолжетімді баспана 2020" бағдарламасы бойынша Алматы облысынан бір бөлмелі пәтерді жалға алдым. Жалдай отырып, сатып алу шартын жасасқан. Енді ай сайынғы жалға алу төлемімен қоса әр тоқсан сайын салық төлейтін болдым. Білуімше, мұны әр тоқсан сайын жалға берушілер төлеуі тиіс. Бұл қаншалықты заңды?

Жандос Өмірбек, әлеуметтік желідегі парақшаға жолданды

Қайырлы күн, Жандос! Сіздің сұрағыңыз бойынша "Самұрық-Қазына" әл-ауқат жанынан құрылған Жылжымайтын мүлік қорына журналистік сауал жібердік. Олар жалға алушы ай сайын қандай төлем төлейді, жалға алушының жалға берушінің салығын төлеуі қаншалықты заңды деген сұрақтарға жауап берді.

Жалға алушы ай сайын қандай төлем төлеуге міндетті?

Ай сайынғы төлемнен бөлек Жалға алушы мүлікті сақтандыру бойынша (ғимарат бағасының 0,16%%-ы), коммуналдық және пайдалану шығындарын төлейді.

Неге Жалға алушы Жалға берушінің салығын төлеуі қажет және бұл қаншалықты заңды?

Жалға алу келісім-шарты бойынша, тұрғын үй 15 жыл бойы жалға алушының тұрақты пайдалануында және иелігінде болады. Ал 15 жылдан кейін оның жеке иілегіне беріледі. Жалға алушы ай сайын пәтердің негізгі құнын төлейді. Құжат бойынша, келісім-шарт уақыты біткеннен кейін мүлік Жылжымайтын қор иелігінен жалға алушының иелігіне өтеді. Яғни пәтердің жалғыз және соңғы пайдаланушысы жалға алушы. Сондықтан мүлік бойынша салық төлеу жалға алушыға тиесілі болады.

Жалға беруші қандай салық төлеуі қажет?

Жалға берілген пәтерлер Жылжымайтын мүлік қорының иелігінде тұрғандықтан жалға беруші заңды тұлғалар төлеуі тиісті мөлшерлеме бойынша салық төлейді. Дегенмен қазір Ұлттық экономика министрлігі Жылжымайтын мүлік қорын арнайы заңды тұлғалар тізіміне қосуды қарастырып отыр. Егер осы тізімге қосылса, арнайы мемлекеттік бағдарлама аясында мүлікке төленетін салық көлемі азайтылады. Жылжымайтын мүлік қоры тізімге енсе, жалға алушыларға қосымша ескертіледі.


Құрметті оқырман! Егер банктерге қатысты (несие, проблемалық несие, несие картасы, депозит, банктер туралы жалпы банк, қаржы саласына қатысты) сұрақтарыңыз болса, бізге жолдаңыз, біз банк мамандарын қатыстыра отырып, жауап береміз. Үлкен мәселе болса Журналистік зерттеу жүргізуге дайынбыз. Сұрақтарыңызды info@7kun.kz почтасына WhatsApp арқылы +7 775 4766145 телефонына жолдауды сұраймыз.

Похожие материалы