Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ХҚКО-дағы барлық жұмыстар қалпына келтірілді

ХҚКО-дағы барлық жұмыстар қалпына келтірілді

Алматы. 15 ақпан. 7kun.kz - ХҚКО-да ұсынылатын барлық мемлекеттік қызмет қалпына келді. «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер базасының жұмысын  қалыпқа келтіру бойынша техникалық жұмыстар аяқталды.  Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының баспасөз қызметі хабарлайды. 

Жүйенің істен шығуы кезінде жылжымайтын мүлік саласы бойынша қызметтерді алу мүмкін болмады, оның үстіне тұрғылықты жері бойынша тіркелуге ниет білдіргендер  мекенжайларының тіркелу кодын тексере алмағандықтан, тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеуде қиындықтар болды.

Естеріңізге сала кетсек, еліміздің ХҚКО-ларында уақытша тіркеу жалғасуда, оны қазақстандықтар қазіргі кезде кезексіз алуларына болады. ХҚКО-лардағы кезек саны туралы ақпаратты мемлекеттік корпорацияның www.goscorp.kz ресми сайтынан көруге болады және ақпарат сағат сайын жаңартылып тұрады.

Похожие материалы